Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес, 2023 жылдың 23 тамыз жағдай бойынша Нұра аудандық сайлау комиссиясына 2023 жылдың 17 қыркүйегіне тағайындалған сайлауға ауылы және кент әкімдіктеріне кандидаттардың түсу ниеті туралы 15 адамнан құжат ұсынылды.
Нұра аудандық сайлау комиссиясы ауыл, ауылдық округ әкімдеріне сайлауға кандидаттардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде белгіленеді.