2023 жылдың 15 маусымдағы №2 хаттамаға сәйкес «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға өткізілген жалпы конкурс бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысының шешімі.
Конкурстық комиссия үмiткерлердің берген құжаттары мен өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерін қарастырып ШЕШІМ қабылдады:
1. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы негізінде «Нұра ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің бас маманы (Е-R-4 санаты, 1 бірлік, № 0-1-1, Блок А) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Нуриля Галымжановна Аринованың кандидатурасы ұсынылсын.
2. Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің бас маманы (E-R-4 санаты, 1 бірлік, № 2-1-1, блок А), «Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің бас маманы (Е-R-4 санаты, 1 бірлік, № 3, Блок А), «Нұра ауданы Кайнар ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің жетекші маман-бухгалтер (1 бірлік, № 1-8, E-G-4 санаты, блок В) және «Нұра ауданы Талдысай ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің жетекші маманы
(1 бірлік, № 1-7, E-G-4 санаты, блок В) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурсқа қатысуға құжаттарын тапсырған үміткерлердің болмауына байланысты қайтадан жалпы конкурс жариялансын.