БЕКІТЕМІН»
Нұра ауданының әкімі
_______________ Б Мұқанов
«__» сәуір 2023жыл
Нұра ауданының әкімімен кездесуде Балықтыкөл ауылының тұрғындары көтерген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат.
(1 тоқсан 2023 жыл)
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы (ЖАО құрылымдық бөлімшесі) |
Орындалуы |
|
1 |
Беков С. – Балықтыкөл ауылының тұрғыны: 1.Көшелерді жарықтандыру мәселесі бойынша; (шамдар жанбайды) 2. Мобильді интернет мәселесі бойынша. |
1) Көше шамдарын ауыстыру жұмыстарын жүргізсін. 2) Осы мәселе бойынша түсініктеме берсін. |
1) наурыз 2023 жыл 2) наурыз 2023 жыл |
Уахитов Д.А. аудан әкімінің орынбасары
Құлмағанбетов Ж.О. Балықтыкөл ауылының әкімі
Оралбаев Н.А.
|
1) Орындалды 2) Орындалды |
|
2 |
Сейткалиев А. - Балықтыкөл ауылының тұрғыны: «Қайнар-Шахтинск» тас жолының қиылысынан Балықтыкөл ауылына дейінгі жолды жөндеу мәселесі бойынша. |
Осы жолды тегістеу және түзету жұмыстарын жүргізсін. |
маусым 2023 жыл |
Уахитов Д.А. аудан әкімінің орынбасары
Оралбаев Н.А.
|
Орындалуда |
|
3 |
Оспанов А. - Балықтыкөл ауылының тұрғыны: 1. Ауылды абаттандыру мәселесі бойынша; 2. Ойын алаңын немесе футбол кортын салу мәселесі. |
1) Ауылда санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізсін. 2) Ойын алаңын салу туралы мәселені қарастырсын. |
1) тұрақты 2) 2024 жыл |
Құлмағанбетов Ж.О. Балықтыкөл ауылының әкімі
|
1) Орындалды 2) Бақылауда |
|
4 |
Аманжолова Т. - Балықтыкөл ауылының тұрғыны: Ауылдық мектепте мұғалім болып жұмысқа орналасу мәселесі. |
Жұмысқа орналасуға қажетті көмек көрсету жұмыстарын жүргізсін. |
тұрақты |
Есмаганбетов А.М. білім бөлімінің басшысы
|
Бақылауда |
|
5 |
Сенбай К. - Балықтыкөл ауылының тұрғыны: Үйдің жанында сарай салу үшін жер бөлуді сұрайды.
|
Осы мәселе бойынша түсініктеме берсін. |
наурыз 2023 жыл |
Құлмағанбетов Ж.О. Балықтыкөл ауылының әкімі
|
Орындалды |
|
6 |
Дюсекенова Ж. - Балықтыкөл ауылының тұрғыны: Үйдің жанындағы ағаштарды кесу мәселесі бойынша. |
Кеуіп қалған ағаштарды жою үшін қажетті шараларды қабылдасын. |
мамыр 2023 жыл |
Еримов С.М. «КРЭК» ЖШС директоры |
Орындалуда |
|
7 |
Аманжолов Н. - Балықтыкөл ауылының тұрғыны: Ауылда учаскелік инспектордың болмауы мәселесі бойынша. |
Осы мәселе бойынша түсініктеме берсін. |
наурыз 2023 жыл |
Уразбаев Е.К. Полиция бөлімінің бастығы (келісім бойынша) |
Орындалды |