ШЕШІМ
№ 25
30.12.2022 ж.
Нұра аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және Нұра аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 24 «Нұра аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау окрігтерін құру туралы» шешіміне сәйкес ШЕШТІ:
- Нұра аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 11 округтік сайлау комиссиялары құрылсын
2 Нұра аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін шешім Нұра аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылсын.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Нұра аудандық
сайлау комиссия төрағасы С. Сағымбеков
Нұра аудандық
сайлау комиссия хатшысы А. Жанайдар