Нұра кенті поселок Нура
Табиғи сипаттағы төтенше
жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы
1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының
2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 2022 жылғы 7 сәуіріндегі № 2 хаттамасы негізінде, Нұра ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысының Нұра ауданының Құланөтпес ауылдық округінде жергілікті ауқымдағытабиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Нұра ауданы әкімінің орынбасары М.К. Жуманов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы
Аты-жөні