Хабарландыру


Хабарландыру

 

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

Тақырыбы: «Цифрлық БЖЗҚ».

 

2022 жылғы 20 желтоқсанда БЖЗҚ «Ашық есік күнін» «Цифрлық БЖЗҚ» тақырыбында онлайн-форматта өткізеді.

Мақсаты – салымшылар мен іс-шараға қатысушыларды Қордың ең өзекті және сұранысқа ие электрондық сервистерімен enpf.kz сайтындағы «Жеке кабинетте», БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасында, сондай-ақ, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде (чат-бот, телеграмм арна және т. б.) халықтың зейнетақы қызметтерін толыққанды алуы үшін егжей-тегжейлі   таныстыру.

Іс-шараны өткізу кезінде қатысушыларға «Жеке кабинеттегі» әр қызметтің, оның ішінде «Зейнетақы калькуляторы» арқылы болжамды зейнетақыны қалай есептеу керек, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені қарау, ерікті жарналар бойынша және 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектікке байланысты зейнетақы төлемдеріне электрондық өтініш беру, осы өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқалар бойынша түсініктеме беріледі.  

Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарды жауапсыз қалдырмай, іс-шараға қатысушыларға жеке кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 20 желтоқсанда онлайн форматта сағат:

11:00-12:00 дейін - қазақ тілінде;

12:00-13:00 дейін - орыс тілінде;

14:00-15:00 дейін - қазақ тілінде;

15:00-16:00 дейін - орыс тілінде өтеді.

          Іс-шараға қатысу үшін әрбір ниет білдірушіге сілтеме бойынша өту қажет https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ed831f8761ed0d21718ef22bf9b1d4fc7. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2516 082 1877 және event-кеңестің құпиясөзін Qw1234 енгізіңіз.      

         

        

          «БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!  

 

 

 

 

Дата публикации
19 декабря 2022