НҰРА АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ


НҰРА АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ

 

Нұра ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 17/01 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандардың лауазымдар тізбесін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Нұра ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 17/01 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандардың лауазымдар тізбесін белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 144053 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

«Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ Нұра ауданының жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандардың лауазымдар тізбесін белгілеу туралы»;

көрсетілген қаулының 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ Нұра ауданының жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерін алатын мамандардың лауазымдар тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.».

Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Нұра ауданының әкімі                                      Б. Муканов

 

КЕЛІСІЛДІ

Нұра аудандық мәслихатының

хатшысы

______________Т.Х.Оспанов

«__» ______________2022 жыл

 

Нұра ауданы әкімдігінің
2022 жылғы

№        қаулысына
қосымша

 

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ Нұра ауданының жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандардың лауазымдар тізбесі

      

  1.   Әлеуметтiк қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      Үйде қызмет көрсетілетін бөлімшесінің меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс бойынша консультант, барлық атаулардың әлеуметтік қызметкерлері, жұмыспен қамту орталығының басшысы, жұмыспен қамту орталығының мамандары, халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті.

  1. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      Мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы, мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары, мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркем басшысы, мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның сектор басшысы, кітапханашы, библиограф, бас есепші, есепші, экономист, редактор, дыбыс режиссеры, хореограф, музыкалық басшы, аудармашы, концертмейстер, инспектор, компьютерлік техниканың операторы, барлық атаулардың техниктері, хатшы, барлық атаулардың суретшісі, мәдени ұйымдастырушы, балетмейстер, хормейстер, дирижер, барлық атаулардың әдіскері, кітапхана меңгерушісі, программист, ауылдық маңызы бар бөлімнің басшысы.

  1. Спорт мамандарының лауазымдары:

      Мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы, мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары, әкімшілік - шаруашылық мәселелер жөніндегі басшының орынбасары, бас бухгалтер, бухгалтер, нұсқаушы-спортшы, медбике / аға, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, заңгер, іс жүргізуші, кассир.




 

 

 

Дата публикации
30 ноября 2022