Уважаемые нуринцы! Поздравляю Вас с главным национальным праздником нашей страны – Днем Республики!

Құрметті жерлестер!
 
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймын!

Еліміз үшін 25 қазан күні – аса маңызды даталардың бірі. Себебі, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды.  
Биыл міне бостандық пен еркіндікке ұмтылған Қазақстан халқы 25 қазан күні өзінің мемлекеттік егемендігін жариялаған жарқын мереке – Республика күнін атап өткелі отыр.
Бұл күн Қазақстан халқы үшін жаңа бағыт пен бетбұрыс әкелген тарихи мәні зор, сан жылғы арманға қол жеткізген күн болып есептеледі.

Құрметті нұралықтар!
 
Баршаңызды Республика күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ырыс-ынтымақ, құт-береке, еңбектеріңізге мол жеміс тілеймін!
Тәуелсіз мемлекетіміздің басты мейрамы – Республика күні құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов

 

 

Дата публикации
31 октября 2022