Қарағанды облысы Нұра ауданы Нұра кентінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 қазандағы № 178 шешімі
ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде
2022 жылы 21 қазанда жарияланды
ҚР НҚА мемлекеттік тізімінде № 172971 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Нұра аудандық
мәслихатының хатшысы Т. Оспанов
Нұра аудандық мәслихаттың
2022 жылғы 7 қазандағы
№ 178 шешіміне
1 қосымша
Қарағанды облысы Нұра ауданы Нұра кентінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
1 тарау. Жалпы ережелер
1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – кент, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.
Нұра кентінде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің), көшелердің кемінде он пайызы қатысқан кезде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны өтті деп есептеледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
Нұра кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасында:
1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының өткізілетін күні мен орны;
2) көше шегінде тұратын және жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны;
4) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны төрағасының және хатшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Нұра аудандық мәслихаттың
2022 жылғы 7 қазандағы
№ 178 шешіміне
2 қосымша
Қарағанды облысы Нұра ауданының Нұра кенті тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
|
№ |
Көше атауы, көп пәтерлі тұрғын үй нөмірі |
Көше, көп пәтерлі тұрғын үй өкілдерінің саны |
|
1 |
Тәуелсіздік көшесі |
2 |
|
2 |
Айнабеков көшесі |
2 |
|
3 |
Бүркіт Ысқақов көшесі |
1 |
|
4 |
Ардагерлер көшесі |
1 |
|
5 |
Жауынгер-Интернационалистер көшесі |
2 |
|
6 |
Сейфуллин көшесі |
2 |
|
7 |
Мынбаев көшесі |
2 |
|
8 |
Бауыржан Момышұлы көшесі |
1 |
|
9 |
Тілен батыр көшесі |
1 |
|
10 |
Шон Телғозыұлы көшесі |
1 |
|
11 |
Макулов көшесі |
1 |
|
12 |
Құрманғазы Сағырбайұлы көшесі |
1 |
|
13 |
Тәттімбет Қазанғапұлы көшесі |
1 |
|
14 |
Қаныш Сәтбаев көшесі |
1 |
|
15 |
Уалиханов көшесі |
1 |
|
16 |
Балабиев көшесі |
1 |
|
17 |
Пушкин көшесі |
2 |
|
18 |
М. Әуезов көшесі |
1 |
|
19 |
Христенко көшесі |
1 |
|
20 |
Нұрмағанбетов көшесі |
1 |
|
21 |
Ғарышкерлер көшесі |
1 |
|
22 |
Асылбеков көшесі |
1 |
|
23 |
Ақпасов көшесі |
1 |
|
24 |
Тусупов көшесі |
1 |
|
25 |
Масалина көшесі |
1 |
|
26 |
Қонаев көшесі |
2 |
|
27 |
Абай көшесі |
2 |
|
28 |
Жамбыл көшесі |
2 |
|
29 |
Сулейменовтер көшесі |
2 |
|
30 |
Герольд Белгер көшесі |
2 |
|
31 |
Колодия көшесі |
1 |
|
32 |
Бейбітшілік көшесі |
2 |
|
33 |
Нүркен Әбдіров көшесі |
1 |
|
34 |
Жеңіс көшесі |
1 |
|
35 |
Смагулов көшесі |
1 |
|
36 |
Әліхан Бөкейхан көшесі |
1 |
|
37 |
Ерлан Нургалиев көшесі |
1 |
|
|
Барлығы |
49 |