Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 қазандағы № 164 шешімі
ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде
2022 жылы 17 қазанда жарияланды
ҚР НҚА мемлекеттік тізімінде № 172748 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Нұра аудандық
мәслихатының хатшысы Т. Оспанов
Нұра аудандық мәслихаттың
2022 жылғы 7 қазандағы
№ 164 шешіміне
1 қосымша
Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
1 тарау. Жалпы ережелер
1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Баршын ауылының аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Баршын ауылында тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) он пайызы қатысқан кезде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны өтті деп есептеледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
Баршын ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасында:
1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының өткізілетін күні мен орны;
2) ауыл шегінде тұратын және жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны;
4) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны төрағасының және хатшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Нұра аудандық мәслихаттың
2022 жылғы 7 қазандағы
№ 164 шешіміне
2 қосымша
Қарағанды облысы Нұра ауданының Баршын аулының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
|
№ |
Ауыл атауы |
Ауыл өкілдерінің саны |
|
1 |
Баршын ауылы |
3 |
|
|
Барлығы |
3 |