Қарағанды облысы Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 қазандағы № 160 шешімі
ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде
2022 жылы 17 қазанда жарияланды
ҚР НҚА мемлекеттік тізімінде № 172749 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Нұра аудандық
мәслихатының хатшысы Т. Оспанов
Нұра аудандық мәслихаттың
2022 жылғы 7 қазандағы
№ 160 шешіміне
1 қосымша
Қарағанды облысы Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
1 тарау. Жалпы ережелер
1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Ақмешіт ауылдық округінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
Ақмешіт ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасында:
1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының өткізілетін күні мен орны;
2) ауыл шегінде тұратын және жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны;
4) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны төрағасының және хатшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Нұра аудандық мәслихаттың
2022 жылғы 7 қазандағы
№ 160 шешіміне
2 қосымша
Қарағанды облысы Нұра ауданының Ақмешіт ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
|
№ |
Ауыл атауы |
Ауыл өкілдерінің саны |
|
1 |
Ақмешіт ауылы |
3 |
|
2 |
Қантай ауылы |
2 |
|
|
Барлығы |
5 |