«жылына 10 мың тоннадан астам кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу II санаттағы объектілерге жатады» туралы өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі
Жиынтық кесте жасалған күні: 12.09.2022 г.
Жиынтық кесте жасалған орын: Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Бұқар жырау к-сі. 47, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті РММ
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: Қарағанды облысы бойынша экология департаменті РММ
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарланған күн: 11.08.2022 г.
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын беру мерзімі: 11.08-12.09.2022 г.
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау:
|
№ |
Мүдделі мемлекеттік орган |
Ескерту немесе ұсыныстар |
Ескерту немесе ұсыныс қалай ескерілгені немесе ескерту немесе ұсыныс ескерілмегені туралы мәліметтер |
|
|
«Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің аппараты» ММ |
Белгіленген қызметке қатысты осы мәселе бойынша ұсыныстар мен ескертулер жоқ. |
|
|
|
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің" Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" РММ |
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) Сіздің 12.08.2022 ж. № 3206/1 -13 "Қарағанды жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылыс қиыршықтасын өндіруге жарамды магмалық тау жыныстары-кен орнында көзделіп отырған қызмет туралы өтініш бойынша ұсыныстар мен ескертулерге қатысты хатыңызға жауап ретінде өз құзыреті шегінде төмендегіні хабарлайды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 19-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, белгіленген қызметті жүзеге асыру үшін болуы мүмкін Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжаты эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болып табылады. Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен (бұдан әрі - тізбе) айқындалған. Осыған байланысты, белгіленген қызмет туралы өтініштерде тізбедегі эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге рұқсат беру құжатының қажеттілігін көрсету қажет. Сондай-ақ, Кодекстің 46-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғау аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама (бұдан әрі-нормативтік құжаттама жобалары) жүргізеді. Өз кезегінде, нормативтік құжаттама жобаларының сараптамасы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен айқындалған тәртіппен ұсынылатын мемлекеттік қызметтер шеңберінде жүргізіледі. Сонымен бірге, көзделіп отырған қызмет туралы өтініштер жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттама жобаларына жатпайды. Осылайша, заңнамада көзделген қызмет туралы өтініштерді келісу бойынша Департаметтің және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті көзделмеген. |
|
|
|
«ҚР ЭГТРМ су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» РММ |
Сіздің сұрауыңызға Шығыс.12.08.2022 ж. №3206/1-13, "Қарағанды жолдары" ЖШС-нің "Нұра-1 "карьерінде ЖПҚ өндіру" объектісі, "ҚР ЭГТРМ СРК Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра - Сарысу бассейндік инспекциясы" РММ (бұдан әрі-Инспекция) бойынша белгіленіп отырған қызметі туралы өтініштің көшірмесін қарауға қатысты: ҚР Су кодексінің 40-бабына сәйкес Инспекция су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын келіседі. Ұсынылған материалдарға сәйкес, қарастырылып отырған учаске белгіленген су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерінен тыс орналасқан. Бұдан басқа, ҚР Су кодексінің 120-бабының 2-тармағына сәйкес ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін кен орындары мен жерасты сулары учаскелерінің контурларында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге, радиоактивті және химиялық қалдықтарды көмуді, үйінділер мен көмбелерді орналастыруға тыйым салынады |
|
|
|
«ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы»РММ |
Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы (бұдан әрі – Инспекция) "Караганды жолдары" ЖШС 10.08.2022 жылғы № KZ67RYS00276197 туралы өтінішін қарастырып, келесені хабарлайды. «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» РМҚК берген ақпаратқа сәйкес, көрсетілген географиялық координаттық нүктелері Қарағанды облысында және ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен мемлекеттік орман қоры аумағынан тыс жерде орналасқан деп хабарлайды. Сұралған аумақта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 Қаулысымен бекітілген өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне (бұдан әрі - Тізбе) енгізілген өсімдіктер түрлері, сондай–ақ жануарлар түрлеріннің бар болуы туралы ақпарат Инспекцияда жоқ. Сонымен қатар, бүлінген жерлерді рекультивациялау, эрозия процестерінің алдын алу және экологиялық жағдайды жақсарту, сондай-ақ аумақтың орман жамылғысын ұлғайту бойынша іс-шаралар мен жұмыстарды сапалы жүргізу мақсатында мелиоративтік учаскеде ағаштар мен бұталардан орман екпелерін отырғызу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі-Заң) 1 - бабының 15-тармағына сәйкес сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері болып табылады. Заңның 78-бабының 2-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін қорғау жөнінде шаралар қолдануға міндетті. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 1-тармағына сәйкес жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне, мекендейтiн ортасына, көбею жағдайларына және жануарлардың өрiс аудару жолдарына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болатын қызмет жануарлар дүниесінiң, олар мекендейтін ортаның сақталуы мен өсiмiн молайтуды және келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудi қамтамасыз етудiң талаптары, оның iшiнде экологиялық талаптар сақтала отырып жүзеге асырылуға тиiс. Сондай-ақ, Заңның 17-бабына сәйкес елдi мекендердi, кәсiпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, қолданыстағы технологиялық процестердi жетiлдiру және олардың жаңаларын енгiзу, пайдаланылмаған, жағалау маңындағы, батпақты, бұта басқан аумақтарды шаруашылық айналымына енгiзу, жердi мелиорациялау, орман ресурстарын және су объектiлерiн пайдалану, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын және оларды айдап өтетiн жерлердi белгiлеу, туристiк маршруттар әзiрлеу мен халықтың жаппай демалатын орындарын ұйымдастыру кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерi мекендейтiн ортаны және олардың көбею жағдайларын, жануарлардың өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, сондай-ақ жабайы жануарлар мекендейтiн орта ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге ешкiмнiң қол сұқпауы қамтамасыз етiлуге тиiс. Темiр жол, тас жол, құбыр тарту және басқа көлiк магистральдарын, электр беру және байланыс желiлерiн, арналарды, бөгеттердi және өзге де су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану, орналастыру, жобалау және салу кезiнде жануарлар мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн іс-шаралар әзiрленiп, жүзеге асырылуға тиiс. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, сондай - ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз аулау, иемденіп алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олар мекендейтін жерлерді жою - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. |
|
|
|
«Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Орталық Қазақстан өңіраралық департаменті» РММ
|
«Орталыққазжерқойнауы» ӨД РММ Сіздің 12.08.2022 жылғы № 3206/1-13 шығыс хатыңызға, ҚР 27.12.2017 жылғы № 125-VI ҚРЗ «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 64-бабына сәйкес жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын геологиялық зерттеу және жер қойнауы кеңістігін пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратынын хабарлайды. Жоғарыда баяндалғанның негізінде департамент «Караганды жолдары» ЖШС берген 10.08.2022 жылғы № KZ67RYS00276197 өтінішінде көрсетілген көзделіп отырған қызметте мүдделі мемлекеттік орган болып табылмайтынын хабарлаймыз. |
|
|
|
Қарағанды облысы бойынша Экология Департаменті |
1. ҚР Экологиялық кодексінің 320-бабы 2-1-тармақтарының талаптарын ескеру қажет, Қалдықтарды жинақтау орындары: 1) қалдықтарды жинау (мамандандырылған ұйымдарға беру) немесе осы қалдықтар қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектіге оларды өз бетінше әкету күніне дейін алты айдан аспайтын мерзімге қалдықтарды түзілген жерінде уақытша жинап қоюға; 2) пайдаланудан шыққан көлік құралдарын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, қауіпті емес қалдықтар қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектіге оларды әкету күніне дейін үш айдан аспайтын мерзімге қауіпті емес қалдықтарды жинау процесінде уақытша жинап қоюға (контейнерлерде, қайта тиеу және сұрыптау станцияларында); 3) қалдықтар қалпына келтіруге немесе жоюға жіберілгенге дейін алты айдан аспайтын мерзімге осы қалдықтар қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектіде оларды уақытша жинап қоюға арналады. Пайдаланудан шыққан көлік құралдары және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы үшін оларды жинау процесінде уақытша жинап қою мерзімі алты айдан аспауға тиіс; |
|