Жалақыны арттыру бойынша қолданылатын шаралар туралы материал

        Шағын және орта бизнес – еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласының өсуінің, тұрақты дамуының негізгі шарттарының бірі.

            Бизнесті мемлекетті қолдау Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылады. Ұлттық жоба бұған дейін қолданыста болған «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы мен Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасын біріктірді.

      «Бизнес Жол Картасы» мемлекеттік бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері  ауданда 7 млрд. 700 мың.теңге  сомасына 38 жоба қаржыландырылды, 80 жұмыс орны  құрылды, 7 кәсіпкер 22 млн.тенге грант алды.

          2017 жылдан бері аудан әкімінің грантын 75 кәсіпкер иеленді, жалпы сомасы 30 млн.тенге.

       Нұра ауданында кәсіпкерлік субъектілерінің саны, кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны жылдан жылға артып келеді.

      Мемлекет шағын және орта кәсіпкерлікке бизнес-жобаларды іске асыру үшін көптеген құралдар ұсынады.

      Әсіресе, жаңадан бастаған бизнес үшін ең тиімді шаралардың бірі гранттық қаржыландыру болып табылады. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру конкурсына қатысуға мүмкіндігі бар. Грант сомасы 2 миллион теңгеден 5 миллион теңгеге дейін. Бизнес-жобаның міндетті шарттары бірі жаңа бизнес-идея болып табылады. Бизнес идеялар іске асыруға арналған шығыстары берілген мемлекеттік грант сомасының кемінде 10% мөлшерінде қоса қаржыландыруы болуы (қолма-қол ақшамен) (талап халықтың әлеуметтік осал топтары үшін міндетті емес, оның ішінде 3-топтағы мүгедектер, жаңа жұмыс орындарын құру; кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуын және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылымды құруды көздейтін инвестициялық жоспардың болуы.

        Сонымен қатар, биыл аудан әкімінің грантына 7,2 миллион теңге бөлінді. (2021 жылы 16 қатысушы аудан әкімінің 7,0 млн. теңге грантын алды)

        Грант көлемі ағымдағы жылға бөлінген соманың 10 пайызына дейін, әрбір үміткердің 720 мың теңгеге дейін грант алуға мүмкіндігі бар.

     Аудан жастарының жаңа кәсіп ашуға және бұрыннан бар кәсіптерін дамытуға аудан әкімінің гранттары бөлінуде. Қатысушылардың жасы 29 жасқа дейін.

    Конкурсқа қатысу үшін: бизнес-идеяның жаңалығы, бәсекеге қабілеттілік, жаңа жұмыс орындарын құру қажет. Облыстың олар жоқ елді мекендерінде өнім өндіру және қызмет көрсету.

  Кәсіпкерлерге гранттар берілмейді:

- қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысында тұрған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатылған;

- салық және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар.

 - кредиттік тарихы бойынша тендерге қатысушының қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы.

          Қатысуға өтінім мемлекеттік гранттарға конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін «электрондық үкімет» веб-порталында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қабылданады.

        Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға өтінімдер Qoldau.kz Цифрлық платформа,  eGov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы беріледі. Ақпараттық қызметке тегін қол жеткізу электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып  беруге болады.

        Бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар барлық интернет сайттарда қолжетімді.

 

     Бизнесті мемлекетті қолдау Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы кәсіпкерлерге келесі мемлекеттік қолдау шаралары :

  -егер несие алатын болсаныз, алынған несие бойынша субсидиялау. Пайыздық мөлшерлеме: 5%, қалған пайызын үкімет жабады.

    Несиенің максималды сомасы: инвестициялық жобаға- 20 млн. теңгеге, айналым қаражатын толықтыру-  5 млн.теңгеге дейін. Субсидиялау мерзімі 3 жылға дейін

- кепілдендірілген несиелер ( гарантирование) егер несие бойынша кепілдіктеріңіз жеткілікті болмаса кепілдік беріледі:

- ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін – несие сомасының 85%;

- жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін – несие сомасының 50%. Несиенің максималды сомасы 1 млрд. Теңгеге дейін

«Kaspi Bank» АҚ, «Хоум Кредит Банкі» АҚ  басқа, несиелерді  барлық екінші деңгейлі банктер береді.

 

Дата публикации
22 июля 2022