Нұра ауданының Ахмет және Тассуат ауылдары әкіміне кандитаттардың ұсынылуының қорытындысы туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес, 2022 жылдың 15 шілдесіндегі жағдайы бойынша Нұра аудандық сайлау комиссиясына 2022 жылдың 31 шілдесіне тағайындалған сайлауға Ахмет және Тассуат ауылдары әкіміне кандидаттардың түсу ниеті туралы 6 адамнан құжат ұсынылды.
Нұра аудандық сайлау комиссиясымен ауыл, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен оларға қойылатын талаптарға сәйкестігі тиісті органдарға сұрау салу негізінде белгіленді.
2022 жылдың 31 шілдесіне тағайындалған Ахмет және Тассуат ауылдары әкіміне сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2022 жылдың 2 шілдесі мен 15 шілдесі (18.00 сағатқа дейін) аралығындағы кезеңде жүзеге асырылды.