Ақпараттық хабарлама
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес, 2022 жылғы 11 шілдесінде Нұра аудандық сайлау комиссиясына 2022 жылғы 31 шілдеге тағайындалған Ахмет, Тассуат ауылдары әкіміне кандидаттардың сайлауға түсу ниеті туралы 6 адамнан құжат ұсынылды.
Нұра аудандық сайлау комиссиясы ауыл, ауылдық округ әкімдеріне сайлауға кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" ҚР Заңымен оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде белгіленеді.
2022 жылғы 31 шілдеге тағайындалған Ахмет, Тассуат ауылдары әкіміне сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 2 шілде мен 15 шілде (18.00 сағатқа дейін) аралығындағы кезеңде жүзеге асырылады.