«Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Нұра аудандық референдум комиссиясының 20.05.2022 жылғы №11 ШЕШІМІ

«Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы»

Нұра аудандық референдум комиссиясының 20.05.2022 жылғы №11

ШЕШІМІ

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 38-бабының 3-тармағына сәйкес учаскелік референдум комиссияларының ұсынысы бойынша аудандық референдум комиссиясы учаскелік референдум комиссияларының ұсыныстарын қарап, учаскелердің жету қиын екенін ескере отырып, ШЕШТІ:

  1. Егер тізімге енгізілген бәрі сайлаушылар дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесі бекітілсін:
  • №623 Өндіріс ауылы
  • №643 Қарақасқа ауылы
  • №645 Құланөтпес ауылы
  • №646 Нығыман ауылы
  • №647 Тікенекті ауылы
  • №648 Соналы ауылы
  • №649 Талдысай ауылы
  1. Осы референдум учаскелерінде дауыс беруді санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
  2. Осы шешімнің көшірмесін облыстық референдум комиссиясына және учаскелік референдум комиссияларына жіберілсін.

 

Аудандық референдум

комиссиясының төрағасы                                                С. Сагимбеков

 

Аудандық референдум

комиссиясының хатшысы                                                А. Жанайдар

 

 

 

 

Дата публикации
20 мая 2022