Төменгі лауазымдар болып табылатын, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос және уақытша бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарламасы

Төменгі лауазымдар болып табылатын, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос және уақытша бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарламасы

 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-4 санаты үшін:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

         Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

         Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-R-4 санаты үшін: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

       Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзін дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

       Жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-4 (блок С)

168577

193642

E-R-4 (блок А)

              226837

260564

 

«Нұра ауданы әкімінің аппараты» ММ (100900, Қарағанды облысы, Нұра кенті, К. Мыңбаев көшесі, 44, анықтама телефоны:  8(72144) 22685, факс: 8(72144) 21721, электрондық пошта: a.utemisova@karaganda-region.gov.kz немесе n.kusainov@karaganda-region.gov.kz, ең көп рұқсат етілген файл өлшемі 30МБайт) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. «Нұра ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (E-4 санаты, 1 бірлік, № 7-2)

Функционалдық міндеттері: «Электрондық үкімет» бағдарламасын жүзеге асырады. Аппаратта іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ету. Бөлімдерге, кент, ауыл әкімдері аппараттарына іс-қағаздарының жүргізуіне әдістемелік көмек көрсету. Электронды құжат айналымы бағдарламасымен кіріс, шығыс хат аламасуды жүргізеді және бақылауға алынған хаттарды орындалуын қадағалау. НҚА электронды құжат айналымы бағдарламасына енгізуді және олардың  таратуын қамтамасыз ету. Құжат айналымы бойынша тоқсан сайын есепті ұсыну.

Аудан әкімінің атына түскен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштерді тіркеу және орындалуын бақылау. Бөлімдердің, ауыл, кент әкімі аппараттарының  № 1-ОЛ нысанды статистикалық есепті ай сайын уақытылы жинақтау және «Айқан» бағдарламасының жұмысын жүзеге асыру. Құжат айналымы бойынша тоқсан сайынғы есебінің мониторигін жүргізу, статистикалық есепті жинақтау. Аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауының есебін және талдауын жүргізеді, аудандық даму бағдарламаларының мониторингін, анализін жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» мамандықтары бойынша (журналистика және ақпарат), «бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша, “жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика” мамандықтары бойынша (математика және статистика). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «әлеуметтік ғылымдар және ақпарат» мамандықтары бойынша (журналистика және ақпарат (басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану)), «кәсіпкерлік, басқару және құқық» мамандықтары бойынша (кәсіпкерлік және басқару (бухгалтерлік іс және салық салу, менеджмент және басқару) құқық), “жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика” мамандықтары бойынша (математика және статистика) білімге рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.

  1. «Нұра ауданының құрылыс бөлімі» ММ-нің бас маманы (Е-R-4 санаты, 1 бірлік, № 0-1-3)

  Функционалдық міндеттері: Аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру. Жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау. Елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын және іске асыру. Іске асырылған объектілерді коммуналдық меншікке беру үшін құжаттама дайындау. Жоғары тұрған органдарға бюджеттік өтінімдер беру үшін құжаттама жинау. Жоспарланған құрылысқа жер учаскелерін ресімдеу. Ауданның елді мекендерінің құрылысына және күрделі жөндеуі бойынша бақылауын жүзеге асыру. Елді мекендердің құрылысы және күрделі жөндеуі бойынша анықтама, ақпарат, өкім, шешім жобаларын дайындау.

  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі “инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары” мамандықтары бойынша (сәулет және құрылыс). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары” мамандықтары бойынша (өндірістік және өңдеу салалары (материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик және ағаш) (құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру)), сәулет және құрылыс (құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс (ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, құрылыстағы сметалық жұмыс, ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері, гидротехникалық құрылыс, жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану)) білімге рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. «Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің бас маманы (Е-R-4 санаты, 1 бірлік, № 1-0-2), (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысында болу кезеңін 2024 жылдың 3 желтоқсанына дейін негізгі қызметшінің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар:

  Функционалдық міндеттері: Аудан тұрғындарының қоғамдық көзқарасының мониторингісі. Аудан әкімі жанындағы Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуді нығайтуға бағытталған ісшараларды өткізуді ұйымдастыру. Ауданның саяси жоспарлауын жүзеге асыру, аудан әкімінің ішкі саясат саласындағы іс-әрекетінің жоспарын жасау. Бөлім құзырына жататын сауалдар бойынша қоғамдық бірлестіктермен, мемлекеттік емес ұйымдармен өзара байланысты үйлестіру. Ішкі саяси тұрақтылықты, этникоаралық қарым қатынасты үйлестіруді, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуді нығайтуға бағытталған ісшараларды өткізуді ұйымдастыру.

 «Нұра ауданының жастар ісі жөніндегі орталығы» КМК-мен бірлескен жұмысты ұйымдастыру. Ауданның қоғамдық-саяси жағдайы, жастар саясаты сауалдары бойынша әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру. БАҚ-да мемлекеттік тапсырыстың орындалуын ұйымдастыру және бақылау жүргізу. Медиа-жоспар, пресс-релиз дайындау. Мемлекеттік басылымдарға жазылуды ұйымдастыру. БАҚ мониторингісі. Ауданның тұрғылықты жерлерін телерадиохабарларымен 100%  қамту бойынша мониторинг жүргізу, барлық әлеуметтік желілерді мониторинг жүргізу, тиісті жазбалар дайындау. БАҚ – да мемлекетік саясаттың жүзеге асыру.

Бөлім құзырына жататын сауалдар бойынша Үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара байланысты үйлестіру, бақылау, талдау жасау.

 Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша жұмыс ұйымдастыру. «Қазақстан – 2050» стратегиясының түсіндірілуін қамтамасыз ету. «Қазақстан - 2050» Стратегиясын, ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары ме үндеуін жүзеге асыру және насихаттау (түсініктеме) жұмыстарын ұйымдастыру. Ақпарат насихат топтарының жұмысын ұйымдастыру. Ауданның қоғамдық саяси іс-шараларын жоспарлау және ұйымдастыру.

  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» мамандықтары бойынша (әлеуметтік ғылымдар) немесе «өнер және гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (гуманитарлық ғылымдар) немесе «бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша (құқық). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «өнер және гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (гуманитарлық ғылымдар (тілдерден басқа)) немесе «кәсіпкерлік, басқару және құқық» мамандықтары бойынша (құқық) білімге рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы», «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы
8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар келесі құжаттарды тапсырады:

1) өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Нұра ауданы әкімінің аппараты» ММ (100900, Қарағанды облысы, Нұра кенті, К. Мыңбаев көшесі, 44, электрондық пошта: (a.utemisova@karaganda-region.gov.kz немесе n.kusainov@karaganda-region.gov.kz) құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге  жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Нұра ауданы әкімінің аппараты» MM-де өтеді. Аталмыш лауазымға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сондай-ақ  сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және маслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

 

 

                                      Нысан

 

__________________________

 

(мемлекеттік орган)

     

 

Өтініш

 

      Мені _______________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

      Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                      (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ______________________

      ______________________

      ______________________

      Мекен жайы: ______________________

      Байланыс телефоны: ______________________

      e-maіl: ______________________

      ЖСН: ______________________

      _________ ___________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

"___"_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы

 

Нысан

     

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

 

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

_______________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный
идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /
Национальность (по желанию)

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /
Семейное положение, наличие детей

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /
Год окончания и наименование учебного заведения

 

5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

6.

Шетел тілдерін білуі /
Владение иностранными языками

 

7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 
 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /
должность*, место работы, местонахождение организации

 

қабылданған /
приема

босатылған /
увольнения

 
       
 

_____________________
Кандидаттың қолы /
Подпись кандидата

_______________
күні / дата

         

      * Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

 

Дата публикации
12 мая 2022