Фронт-офис

 

«Адалдық алаңы» жобасының аясында сервистік әкімдіктерді ашу және open-space кеңістіктерін құру бойынша Қарағанды облысы әкімі Ж.М.Қасымбектің тапсырмасына сәйкес Нұра ауданында халыққа қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсететін бірнеше мемлекеттік органдардың мамандарын бір жерде шоғырландыру мақсатында ФРОНТ-ОФИС жұмыс істейді.

ФРОНТ-ОФИС «Ашық әкімдік» жүйесі бойынша Нұра ауданының жергілікті атқарушы органдары арқылы сұранысқа ие қызмет түрлерін көрсетеді.

ФРОНТ-ОФИС Мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға ыңғайлы болу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен жабдықталған. Сондай-ақ келушілер үшін барлық қолайлы жағдай жасалған күту аймағы жабдықталған.

        Фронт-офис ғимаратында «Қоғамдық қабылдау бөлмесі» орналасқан, онда аудан әкімі және оның орынбасарлары түрлі мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды.

        Фронт-офис Нұра кенті, Абай көшесі 37 үй (орталық кітапхана ғимараты) мекен-жайында орналасқан.

Байланыс телефоны.: (8-72-144-22010)

 

Дата публикации
21 ноября 2019