Нұра ауданы Құланөтпес ауылы әкіміне кандитаттардың ұсынылуы туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес, 2022 жылдың 25 наурызындағы жағдай бойынша Нұра аудандық сайлау комиссиясына 2022 жылдың 10 сәуіріне тағайындалған сайлауға Құланөтпес ауылы әкіміне кандидаттардың түсу ниеті туралы 6 адамнан құжат ұсынылды.
Нұра аудандық сайлау комиссиясы ауыл, ауылдық округ әкімдеріне сайлауға кандидаттардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде белгіленеді.
2022 жылдың 10 сәуіріне тағайындалған Құланөтпес ауылы әкіміне сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2022 жылдың 12 наурызы мен 25 наурызы (18.00 сағатқа дейін) аралығындағы кезеңде жүзеге асырылады.