Қарағанды облысы
Нұра аудандық сайлау комиссиясының
2022 жылғы 11 наурыздағы
№ 3
ШЕШІМІ
Нұра ауданының Құланөтпес ауылы
әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14 бабының 3 тармағына, 113-1 бабына сәйкес және Құланөтпес ауылы әкімінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Нұра аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Нұра ауданы Құланөтпес ауылы әкімінің сайлауы 2022 жылдың 10 сәуіріне тағайындалсын.
- 2022 жылдың 10 сәуіріне тағайындалған Нұра ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін;
- Әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2022 жылы 12 наурызда басталады және 25 наурызында 18.00-де аяқталады;
- Әкімдікке кандидаттарды тіркеу 2022 жылы 30 наурызда 18.00-де аяқталады.
- Осы шешім Нұра аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық газетінде жариялансын.
Нұра аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы С. Сагимбеков
Нұра аудандық
сайлау комиссиясының хатшысы А. Жанайдар