
«Қарағанды облысы Нұра
ауданы әкімінің аппараты» ММ
Қарағанды облысы бойынша экология департаменті 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ ҚР Экологиялық кодексінің 68-бабының талаптарын орындау үшін, сондай-ақ "Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру"мемлекеттік қызмет көрсету Ережесінің 6-тармағының талаптарын, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің "Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығын (20.08.2021 ж. өзгерістермен) басшылыққа ала отырып, жоғарыда көрсетілген талаптар шеңберінде тиісті шаралар қабылдау (интернет-ресурста орналастыру, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлама тарату) үшін Сіздің мекен-жайыңызға "Шубарколь комир" " АҚ 22.02.2022 жылғы KZ50RYS00216654 материалдарымен белгіленген қызмет туралы өтініштің көшірмесін жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында мәселелерді шешуге көмек көрсету бойынша қосымша шаралар қабылдау үшін.
Қабылданған шаралар туралы 28.02.2022 ж. сағат 15:00-ден кешіктірмей d.zhautikov@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайға хабарлауыңызды сұраймыз.
Қосымша: 2
Басшы Қ. Мұсапарбеков
Орынд: Жаутиков Д
410871
Хабарлама
Қарағанды облысы бойынша экология департаменті хабарлайды, 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400 - VI ҚРЗ ҚР Экологиялық кодексінің 68-бабының 9-тармағына сәйкес:
Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішке қатысты ескертпелері мен ұсыныстарын қабылдауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық бастамашы көзделіп отырған қызмет туралы өтінішті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде көзделіп отырған қызмет туралы өтінішке қатысты өз ескертпелері мен ұсыныстарын беруге құқылы.
Осыған байланысты ұсыныстар мен ескертулерді белгіленген мерзімнен кешіктірмей жолдауды, сондай-ақ uproos@mail.ru. электрондық мекенжайға қайталап жолдауды сұраймыз.