Хабарландыру Нұра ауданының қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы

26.02.2022 г.  Хабарландыру Нұра ауданының қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының негізінде және Қазақстан Республикасының «Ақпарат және қоғамдық даму миністірлігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережесіне сәйкес Нұра ауданының қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланады.

 

Қоғамдық кеңестің сандық құрамы–11 адам, оның 3–мемлекеттік органынның өкілдері, 8–коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.

 

Конкурсқа қатысушылар «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабына сәйкес қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.

 

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар келесі құжаттарды үсынады:

1)  кадидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымының жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

3) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттық, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) сотталғандығын болуы не болмауы туралы анықтама;

5) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.

 

Нұра ауданының қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурска құжаттар тапсыру мерзімі:

2022 жылдың 28 ақпанынан 2022 жылдың 14 наурызына (қоса алғанда) дейін.

Конкурска құжаттарды қабылдау мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады:

 Нұра кенті, Мынбаев көшесі, 44-үй, 1-қабат, 13-кабинет.

Электрондық мекен-жай: maslihatnurinsk@mail.ru 

Байланыс телефоны: 8 (72144) 22780.

 

Жұмыс тобы

Дата публикации
25 февраля 2022