КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ШЕШІМІ

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің құжаттарын қарастыру және әңімелесуге жіберу бойынша конкурстық комиссияның 2022 жылғы 21 ақпандағы отырысының №1 хаттамасына сәйкес, конкурстық комиссияның шешімі.
«Нұра ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (E-3 санаты, 1 бірлік, № 7) (уақытша, негізгі қызметкердің жүктілікке және бала (балаларды) тууға байланысты демалысында болу кезеңін 2022 жылдың 25 мамырға дейін, негізгі қызметшінің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар) және «Нұра ауданы Құланөтпес ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы (E-G-3 санаты, 1 бірлік, № 1-1) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін Қарағанды облысының барлық жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс нәтижесінде өтініш білдірген үміткерлер болмағандықтан жалпы конкурс жариялансын.

Дата публикации
21 февраля 2022