Нұра аудандық мәслихаты Нұра ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды. Жұмыс тобының сандық құрамы – 7 адам, оның 2-і – мемлекеттік органның өкілдері, 5-і – коммерциялы қеңес ұйымдардың өкілдері, азаматтар. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) үлгі бойынша өтініш: (өтініштің үлгісімен келесі мекен – жайдан танысуға болады; (Нұра кенті, Мынбаев көшесі, 44-үй, 1-қабат, 13-кабинет)
2) коммерциялық ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі ұсынылады.
Кандидат соттылығы болмауы, психологиялық ауруы, нашақорлық және уытқұмарлық бойынша есепте тұрмауы тиіс.
Жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсынысты 2022 жылдың 17 ақпанына дейін мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: Нұра кенті, Мынбаев көшесі, 44-үй, 1-қабат, 13-кабинет.
Электрондық мекен-жай: maslihatnurinsk@mail.ru
Байланыс телефоны: 8 (72144) 22780.