12.02.2022 Бақылаушылар тізімін қалыптастыру үшін іріктеу процесі туралы хабарландыру.

12.02.2022 Бақылаушылар тізімін қалыптастыру үшін іріктеу процесі туралы хабарландыру.

 

Нұра аудандық мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2022 жылғы 12 ақпан мен 16 ақпан аралығында Нұра ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүргізу үшін бақылаушыларды іріктеу жүргізеді.

 

Бақылаушы болуға ниет білдірген азаматтар, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың өкілдері «Нұра аудандық мәслихатының аппараты» ММ Қағамдық кеңесті құру бойынша жұмыс тобының мүшелерін іріктеу конкурсында бақылаушы ретінде қатысуға өтініш береді немесе электрондық поштаға жібереді.

Бақылаушыға кандидатар бойынша құжаттар 2022 жылдың 17 ақпанына дейін қабылданады мына мекен-жайда: Нұра кенті, Мынбаев көшесі, 44-үй, 1-қабат, 13-кабинет.

Электрондық мекен-жай: maslihatnurinsk@mail.ru 

Байланыс телефоны: 8 (72144) 22780.

Дата публикации
16 февраля 2022