КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ШЕШІМІ
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің құжаттарын қарастыру және әңімелесуге жіберу бойынша конкурстық комиссияның 2021 жылғы 14 желтоқсандағы отырысының №1 хаттамасына сәйкес, конкурстық комиссияның шешімі.
- «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы;
- «Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы;
- «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ басшысы;
- «Нұра ауданы әкімінің аппараты» ММ аппарат басшысы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін Қарағанды облысының барлық жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс нәтижесінде өтініш білдірген үміткерлер болмағандықтан жалпы конкурс жариялансын.