Нұра ауданында әкімдер сайлауын өткізу қорытындылары туралы

Ақпарат

Нұра ауданында әкімдер сайлауын өткізу қорытындылары туралы

 

Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Кеңжарық сайлау округінде сайлау өтті.

Сайлау қорытындысы бойынша "Nur Otan" партиясынан кандидат сайланды.

Изенді Ауылы

Сайлаушылардың келуі 90,05% немесе 335 сайлаушыны құрады (барлығы – 372 сайлаушы).

Сайлау бюллетеньдеріне 3 кандидат енгізілді, оның ішінде

1 – "Nur Otan" партиясы ұсынған, 2-өзін-өзі ұсыну.

Сайлауға 3 бақылаушы қатысты, 2 кандидаттың сенімді тұлғасы.

Сайлау талаптар мен санитарлық нормаларды сақтай отырып, бұзушылықсыз өтті. Прокуратура органдарына шағымдар мен арыздар түскен жоқ, соттарға талап-арыздар енгізілген жоқ.

"Nur Otan" партиясы ұсынған Айдос Мұратұлы Ағзамовқа дауыс беру қорытындысы бойынша 328 сайлаушы (97,9%) дауыс берді, өзін - өзі ұсынған Мейірман Ендаманұлы Маденовке - 2 сайлаушы (0,6%) дауыс берді, өзін-өзі ұсынған Динара Тулеубайқызы Аймағамбетоваға-2 сайлаушы (0,6%) дауыс берді, 2 адам (0,6%) "барлығына қарсы" (осы кандидаттар үшін дауыс беруге ниет білдірмеді.), 1 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Сайлау қорытындысы бойынша Қарағанды қаласында №54 ЖББМ АӘД және дене шынықтыру оқытушысы болып жұмыс істейтін, "Nur Otan" партиясының атынан ұсынылған Ағзамов Айдос Мұратұлы 328 дауыс (97,9%) жинады.

 

Дата публикации
22 ноября 2021