Ақпараттық хабарлама
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес, 2021 жылғы 01 қарашада Нұра аудандық сайлау комиссиясына 2021 жылғы 21 қарашаға тағайындалған Изенді ауылы әкімдігіне кандидаттардың сайлауға түсу ниеті туралы 3 адамнан құжат ұсынылды.
Нұра аудандық сайлау комиссиясы ауыл, ауылдық округ әкімдеріне сайлауға кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" ҚР Заңымен оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде белгіленеді.
2021 жылғы 21 қарашаға тағайындалған Изенді ауылы әкіміне сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 22 қазан мен 5 қараша (18.00 сағатқа дейін) аралығындағы кезеңде жүзеге асырылады.