Мемлекеттік тұрғын үйді қалай алуға болады?

Мемлекеттік тұрғын үй алу үшін Қазақстан Республикасының азаматы өтініш беріп, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге мұқтаждардың есебіне және кезектілігіне тұруы қажет.

Есепке қою "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының азаматы жергілікті атқарушы органдарға "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жолдайды www.egov.kz нысан бойынша өтініш, сондай-ақ келесі құжаттар:

1) есепке қою туралы өтініш;

2) әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдардың қызметкерлері жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесін ұсынады;

3) болған жағдайларда:

отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға жауап бермейді, көрсетілетін қызметті алушы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесін қосымша ұсынады;

отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген техникалық талаптарға сай келмейді, көрсетілетін қызметті алушы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша) электрондық көшірмесін қосымша ұсынады;

жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан да көп отбасы тұрады, көрсетілетін қызметті алушы өзі тұратын тұрғын үй-жайға техникалық паспорттың және құқық белгілейтін құжаттың көшірмелерін қосымша ұсынады;

отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар бар, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаса, көрсетілетін қызметті алушы аурудың тиісті түрін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады.

Ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайда: халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ соңғы он екі айдағы отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы туралы мәліметтерді қосымша ұсынады (мүгедек балалары, жетім балалары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қоспағанда).

Басқа адамдарды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп таныған жағдайларда, соңғысы оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидаларда көрсетілген құжаттарды жаңарту, өзгерту немесе толықтыру үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияға не порталға нысан бойынша өтінішті, сондай – ақ осы тармақта көзделген құжаттарды негіздер пайда болған кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде не ұялы телефонға sms-хабарландыру алу үшін ұсынады.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

Мемлекеттік қызметті тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар көрсетеді.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары есепке қою кезінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы елді мекенде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарының пайдалануына беріледі (азамат қай елді мекенде тұрақты тіркелген, сол елді мекенде есепте тұратын болады).

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған Қазақстан Республикасының:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

2) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

3) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, көп балалы отбасыларға;

4) халықтың әлеуметтік осал топтарына:

- Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

- жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

- басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

- 1 және 2 топтағы мүгедектер;

- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

- жасына байланысты зейнеткерлер;

-жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар. Мұндай адамдар әскери қызметке шақырылған кезде жасы мерзімді әскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады;

- кандасы;

- экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;

- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

- толық емес отбасылар.

5) мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

6) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 74-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй, мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген сәттен бастап тізімдермен белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі.

Халыққа телефон байланысы арқылы кеңес беруді қамтамасыз ету үшін жауапты маман Тоқтаров Мақсат Асылханұлы анықталды.

Байланыс телефоны: 8 (72144)22627, 87756427717 (WhatsApp).

Дата публикации
27 октября 2021