Әдеп жөніндегі ақпарат

Нұра ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің міндеттері - Нұра ауданының әкімінің орынбасары - М.К.Жумановқа жүктелген. Әдеп жөніндегі уәкілінің қызметін іске асыру мақсатында, Нұра ауданының жергілікті атқарушы органдарының арасында ағымдағы жылдың басында бекітілген кесте бойынша тоқсан сайын, «Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Әдеп кодексінің талаптарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелерін жан-жақты қарастырып, оның орындалу бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу» тақырыбы бойынша семинар жүргізіледі.
Сонымен қатар, 2021 жылдың жоспарына сәйкес Нұра ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілер арасында тоқсан сайын анонимді сауалнама өткізіледі. Өткізілген сауалнаманың басты себебі: мемлекеттік қызметшілермен олардың тікелей басшыларының арасындағы қарым-қатынастарын және жалпы ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау болып табылады.
Жалпы жеке консультативтік көмек бойынша ағымдағы жылдың 9-айы бойынша 110 адам қабылданды. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер – 69 адам, аудан тұрғындары – 41 адам.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп нормаларының бұзылуы орын алған жағдайда Нұра ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Жұмановқа мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ біздің ауданның кез келген тұрғыны өз құқықтарын қорғау үшін жүгіне алады.
Әдеп жөніндегі уәкілдің қабылдау кестесі - Әр сейсенбі және жұма күндері сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Нұра ауданы әкімінің аппараты ММ Нұра кенті, Мыңбаев көшесі, 44 мекен жайы бойынша байланыс телефоны: 8 (72144) 22-6-56

Дата публикации
22 октября 2021