Қарағанды облысы Нұра аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 21 қазандағы № 19 ШЕШІМІ

Қарағанды облысы

Нұра аудандық сайлау комиссиясының

2021 жылғы 21 қазандағы

№19

ШЕШІМІ

 

Нұра ауданының Изенді ауылы

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Нұра аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

 

  1. Нұра ауданында 2021 жылғы 21 қарашасына Изенді ауылының әкімінің сайлауы тағайындалсын.

 

  1. 2021 жылдың 21 қарашасына тағайындалған Нұра ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін:

 

- әкімдікке кандидаттар ұсыну 2021 жылғы 22 қазаннан басталады және 5 қарашада 18-00де аяқталады;

- әкімдікке кандидаттарды тіркеу 2021 жылғы 10 қарашада 18-00де аяқталады.

 

  1. Осы шешім Нұра аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына және аудандық «Нұра» газетіне жариялансын.

 

 

Нұра аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                         С. Сагимбеков

 

Нұра аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                       А. Жанайдар

Дата публикации
21 октября 2021