Мемлекет басшысының мәслихаттардың барлық деңгейдегі өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы 12 қазандағы Жарлығына сәйкес, 13 қазанда сағат 17:00-де Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша отырысы өтті.
Аумақтық сайлау комиссиясының отырысында Нұра аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары, сондай-ақ кандидаттарды ұсыну кезеңінде округтік сайлау комиссияларының жұмыс режимі бекітілді. Комиссиялардың жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін белгіленді.
Бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес, 14 қазаннан бастап Нұра аудандық мәслихатына бірмандаттық сайлау округтері бойынша депутаттыққа кандидаттарды ұсыну басталады.
Кандидаттарды ұсыну 27 қазан сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Кандидаттарды тіркеу 1 қараша сағат 18:00-де аяқталады.
Сайлауалды үгіт кезеңі 1 қараша сағат 18:00-ден кейін басталып, 28 қараша сағат 00:00-де аяқталады.