2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Нұра аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

НҰРА АУДАНЫНЫҢ

АУМАҚТЫҚ

САЙЛАУ

 КОМИССИЯСЫ

 

 

ТЕРРИТОРИАЛЬНАЯ

ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ

КОМИССИЯ

НУРИНСКОГО РАЙОНА

 

 

 

 

                                                                                      ҚАУЛЫ

 

 

 

 

 

       2026 ж. 10.13 № 6

 

 

 

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

 

 

 

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

Нұра аудандық мәслихат

депутаттарының кезектен тыс сайлауын

дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі

іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын

бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/98 қаулысына сәйкес Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Нұра аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін..

2. Бекітілген Күнтізбелік жоспарды Нұра аудандық мәслихаты депутаттарын бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайлауды ұйымдастыру және өткізу үшін аудандық округтік сайлау комиссияларына жолдау.

3. Осы қаулы Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.

 

 

Комиссия төрағасы                                          С. Сагимбеков

 

          Комиссия хатшысы                                          АЖанайдар

 

 

Дата публикации
13 октября 2026