Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ.

         Электрондық пошта мекенжайы: oblup@krg.gov.kz                                 

         Байланыс телефоны:  8/7212/50-38-73 (ішкі 6324).

         Конкурстың нысанасы:  әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері үшін бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру.

           Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: «KEZEKTE.KZ» субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

Өтінімді дайындау, құжаттарды жинау және ұсыну мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу орындары:

Нұра ауданының кәсіпкерлері үшін: «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 100900, Нұра кенті, Абай көшесі 48, 2 кабинеті, электрондық пошта мекенжайы: opp_nura@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (72144) 22126, 22497;

«Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы және олардың Қарағанды облысының қалалары мен аудандарындағы филиалдары.

           Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2026 жылғы 19 - 23 қазанға дейін.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің ресми сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-industry/about?lang=kk

Дата публикации
09 октября 2026