Қарағанды облысы Нұра ауданы Жараспай ауылы және Көбетей ауылдық округі әкімдерін сайлауды тағайындау туралы

Қарағанды облысы Нұра ауданы

Жараспай ауылы және Көбетей ауылдық округі әкімдерін сайлауды тағайындау туралы

        

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының               14 бабының 8-1) тармағына, 113-1 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, 113-1 бабының 3 тармағына сәйкес Қарағанды облысы Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарағанды облысы Нұра ауданы Жараспай ауылы және Көбетей ауылдық округі әкімдерін сайлау 2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалсын;
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2026 жылғы 1 қазаннан 13 қазанға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2026 жылғы 18 қазанға дейін белгіленсін;
  3. Қарағанды облысы Нұра ауданы Жараспай ауылы және Көбетей ауылдық округі әкімдерін сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін;
  4. Осы қаулы Нұра ауданы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық газетте жариялансын.

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                Ж. Ташев

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                         А. Жанайдар

Нұра аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылдың 30 қыркүйектегі №5 қаулысы
Дата публикации
30 сентября 2026