Заречное ауылы әкімін сайлау қорытындылары туралы

 

Қарағанды облысы Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Қарағанды облысы Нұра ауданының Заречное ауылы әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарламасы

2026 жылғы 13 қыркүйекте Нұра ауданының Заречное ауылының әкімін сайлау өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес және Нұра  ауданының Заречное ауылы әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы келесі сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлаушылар тізіміне 544 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 278 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 10 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Байталяков Козы Азаматовичке – 17 сайлаушы дауыс берді;

Қалкен Серік Қайрулаұлына – 52 сайлаушы дауыс берді;

Тұрманов Ерік Тайкенұлына– 169 сайлаушы дауыс берді.

«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 15.

Сайлау қорытындысы бойынша Нұра ауданының Заречное ауылының әкімі болып 1986 ж. туған, «Нұра ауданы Заречное ауылы әкімінің аппараты» ММ, бас маман, Заречное ауылының тұрғыны Тұрманов Ерік Тайкенұлы сайланды.

 

Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 сентября 2026