ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ НҰРА АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ҚАУЛЫСЫНЫҢ
ЖОБАСЫ
Нұра ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикисы Заңының 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 47-бабының 3-тармағына сәйкес Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Нұра ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Нұра ауданының әкімі Б. Муканов
Нұра ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «___» _________
№ ___ қаулысына
қосымша
Нұра ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) қоғамдық көмекші – құқық бұзушылық профилактикасы субъектілеріне ерікті түрде жәрдем көрсету арқылы құқық бұзушылық профилактикасына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азамат;
2) құқық бұзушылық профилактикасы – құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және өзге де шаралар кешені;
3) уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген жергілікті атқарушы орган (соның ішінде қала немесе аудан әкімдіктері), құқық қорғау органы және өзге де мемлекеттік орган.
2-тарау. Нұра ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілерді, азаматтарды көтермелеудің тәртібі, түрлері мен мерзімдері, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері
Комиссия, егер олар тиісті аумақта құқық бұзушылықтың алдын алуға, жолын кесуге немесе оны ашуға тікелей ықпал еткен болса, Нұра ауданы әкімдігі аумағында қоғамдық көмекші ретінде тіркелмеген азаматтарды да көтермелеуге құқылы.
1) алғыс жариялау;
2) грамотамен наградтау;
3) ақшалай сыйақы төлеу;
4) білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;
5) ұйымдарға, кәсіпорындарға көтермелеу туралы ұсынулар жіберу;
6) құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдар құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің өзге де шараларын қолдануға құқылы.
Анонимді хабарламалар ақшалай сыйақымен көтермелеуге негіз болып табылмайды.
Көтермелеуді алу үшін азамат уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі расталғаннан, іс бойынша қаулы заңды күшіне енгеннен және әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды толық төлегеннен кейін, көтермелеуді төлеу үшін қажетті бюджет қаражаты болған жағдайда, уәкілетті орган ұсыным қалыптастырады және айына бір рет Комиссияға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген негіз бойынша көтермелеуден үміткер азаматтардың тізімі бар ұсынымды жібереді.
Мұндай азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымдарды Комиссия осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мерзімде қарауға жатады.
Комиссия уәкілетті органдардың ұсынымдары негізінде азаматтарды құқық бұзушыдан өндіріліп алынған айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен көтермелеуді ұсыну немесе ұсынбау туралы хаттамалық шешім шығарады.
Комиссияның хаттамалық шешімін ескере отырып, жергілікті атқарушы орган тиісті шешім (қаулы) шығарады.
Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу және оларға ақшалай қаражат төлеу үшін жергілікті атқарушы органның шешімі негіз болып табылады.
Ақшалай сыйақы төлеу 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.
Көтермелеу мөлшерін айқындау кезінде Комиссия шешім шығарған сәтте қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
Ақшалай сыйақы төлеу көтермелеуге ұсыным енгізген, жергілікті бюджетте осы мақсаттарға көзделген уәкілетті органдардың қаражаты есебінен жүргізіледі.
Нұра ауданында
құқық бұзушылық
профилактикасына қатысатын
азаматтарды
көтермелеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
________________________________
________________________________
(уәкілетті органның атауы)
әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлағаны үшін көтермелеу алуға
ӨТІНІШ
Азаматтан (азаматшадан) ________________________________________
__________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Туған күні: _________ жылғы «_____» ____________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН): _______________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: __________________________
Сериясы: ______________ нөмірі: __________________________________
Кім берді: __________________, берілген күні: «_______» __________ _____ жыл.
Нақты тұратын / тіркелген мекенжайы (керек емесін сызып тастаңыз):
Облыс (қала) __________________________ (аудан) _________________
Көше (шағын аудан) ___________________________ үй ____________ пәтер ___________
Осы өтінішпен ____________ 20____ жылы сағат «____» мин. «___»-де менің тарапымнан әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелгенін хабарлаймын, ол мынадан көрініс тапты: ___________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(құқық бұзушылықтың мәнін, орны мен мән-жайларын қысқаша көрсету)
Аталған хабарлама фото, бейнетіркеу материалдарымен бірге менің тарапымнан уәкілетті органға: ________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауын көрсету)
мына құрал арқылы жіберілді: __________________________________________________________________
(және жіберу арнасы: «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі, «102» мобильді қосымшасы, кезекші бөлім және т.б.)
Хабарлама жіберілген сәтте аталған әкімшілік құқық бұзушылық фактісі менің жүгінуіме дейін автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдармен (фото- және бейнетіркеу камераларымен) және аспаптармен немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен тіркелмегенін растаймын.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 3-тармағына сәйкес маған көтермелеу тағайындау мәселесін қарауыңызды сұраймын.
Көтермелеуді төлеуді мына мекенжайға жүргізуді сұраймын (қажетті нұсқаны [V] белгісімен белгілеңіз):
Менің ағымдағы банктік шотыма:
жиырма таңбалы шот нөмірі (IBAN): KZ_______________________________________
банкте (қаржы ұйымының атауы): ________________________________
Қайырымдылық ұйымының шотына:
Ұйымның толық атауы: ____________________________________________
Ұйымның БСН: __________________________, шот (IBAN) _________________KZ
банкте: _________________________________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Маған көрінеу жалған мәліметтер бергені үшін жауаптылық туралы ескертілді.
Құқық бұзушылық профилактикасына көрсетілген жәрдем үшін көтермелеуді тексеру, тағайындау және төлеу үшін қажетті менің дербес деректерімді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
Ұялы телефон: ___________________________
E-mail: ___________________________
Өтініш берілген күн: «___» ___________ 20 ___ жыл
Өтініш берушінің қолы: _________________________
Нұра ауданында
құқық бұзушылық
профилактикасына қатысатын
азаматтарды
көтермелеу қағидаларына
2-қосымша
Мемлекеттік органның елтаңбалық бланкісінде
«___» _________20 ___ жылғы № ___ _______________________________________
(уәкілетті органның атауы)
Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу туралы
ҰСЫНЫМ
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған және көтермелеу алуға өтініш жіберген азаматтардың тізімін Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның қарауына ұсынамыз:
Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті орган азаматтардың аталған хабарламалары құқық бұзушылық анықтауға (ашуға) тікелей ықпал еткені және ақпараттың бастапқы дереккөзі деп танылғаны (бұрын бұл құқық бұзушылықтар автоматты түрде тіркейтін техникалық құралдармен немесе лауазымды тұлғалармен тіркелмегені) фактісін растады.
Осы ұсынымды жасау сәтінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаларға қатысты қаулылар заңды күшіне енді, салынған әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленді.
|
Азаматтың Т.А.Ә., ЖСН |
Құқық бұзушылық туралы хабарламаның күні мен мәні |
ӘҚБ туралы іс бойынша қаулының нөмірі мен күні |
Төленген айыппұл сомасы (төленген күні) |
Ұсыныла-тын көтермелеу мөлшері (АЕК-пен, 10 АЕК-тен аспайды) |
Азаматтың ағымдағы банктік шоты (IBAN) / қайырымдылық ұйымының атауы, БСН немесе шоты |
|
Азаматтардың жіберген өтініштері және растаушы құжаттар қоса беріледі.
Басшы __________________________________________________________________
тегі, аты-жөнінің бас әріптері (қолы)
Ұсыным берілген күн: «___» ___________ 20 ___ жыл.