Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігі қаулысының
ЖОБАСЫ
Нұра ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 қазандағы № 34/13 «Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Нұра ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Нұра ауданының әкімі Б. Муканов
Нұра ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «___» ________
№ ___ қаулысына қосымша
Нұра ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 19 қазандағы
№ 34/13 қаулысымен бекітілді
Нұра ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) бірыңғай төлем құжаты - коммуналдық және қосымша қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыру үшін жасалған, төлем және (немесе) ақша аударымы негізінде немесе оның көмегімен жүзеге асырылатын электрондық нысанда қалыптастырылған құжат;
2) биллинг - абоненттерге көрсетілетін қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, сондай-ақ оларды тарифтеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
3) бірыңғай есеп айырысу орталығы (бұдан әрі - БЕО) - уәкілетті орган айқындайтын жұмыс істеу талаптары мен тәртібіне сәйкес келетін, бірыңғай төлем құжатын қалыптастыруды жүзеге асыратын және ақпараттық жүйелер негізінде коммуналдық көрсетілетін қызметтерді берушілер мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін заңды тұлғалар;
4) газбен жабдықтау – тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу саласындағы қызмет;
5) есепке алу аспабы – коммуналдық көрсетілетін қызметтерді жеке және (немесе) үй бойынша ортақ тұтынуды коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
6) жеткізуші – меншік нысанына қарамастан, бекітілген шартқа сәйкес тұтынушыларға коммуналдық қызметтер көрсететін заңды немесе жеке тұлға;
7) жылумен жабдықтау – жылу энергиясын және (немесе) жылу жеткізгішті өндіру, беру, бөлу және тұтынушыларға сату жөніндегі қызмет;
8) коммуналдық қалдықтар – елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекетінің нәтижесінде пайда болатын тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен пайда болу сипаты бойынша оларға жақын өндірістік қалдықтар;
9) коммуналдық көрсетілетін қызметтер – тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс әкетуді қамтитын қызметтер;
10) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындары, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
11) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі-кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холлдар, дәліздер, баспалдақ шерулері мен баспалдақ алаңдары, шатырлар, шатырлар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үйдің астындағы жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, тұрақ орындарынан, қоймалардан басқа;
12) қаржы ұйымдары - қызметі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңмен реттелетін банктер, сондай-ақ «Төлем ұйымдары және төлем жүйелері туралы» Заңға сәйкес қызметін жүзеге асыратын, БЕО-ның қаржы серіктестері болып табылатын, меншікті төлем құралдарын (касса, интернет-банкинг, мобильді қосымшалар, терминалдар және басқа да құралдар) пайдалана отырып бірыңғай төлем құжаты негізінде тұтынушылардан төлемдерді қабылдайтын және алынған ақшалай қаражатты қызметтерді жеткізушілердің есеп шоттарына аударатын төлем ұйымдары;
13) қосымша қызметтер - бұл коммуналдық қызметтер болып табылмайтын, бірақ жайлы және қауіпсіз тұруды қамтамасыз етуге бағытталған жеке меншік үйлерді қоса алғанда, тұрғын үй қорын ұстаумен, қызмет көрсетумен және пайдаланумен тікелей байланысты қызметтер;
14) сервистік қызмет субъектісі – жасалған шарт негізінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
15) сумен жабдықтау – суды жинауды, сақтауды, дайындауды, беруді және сумен жабдықтау жүйесі арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
16) су бұру – сарқынды суларды жинауды, тасуды, тасымалдауды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне, сарқынды суларды жинақтағыштарға немесе жергілікті жер бедеріне ағызуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
17) тапсырыс беруші – қызметін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Жобаның (бағдарламаның) тапсырыс беруші-инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі), құрылыс салушы не олардың уәкілетті адамдары қызмет мақсаттарына қарай тапсырыс беруші бола алады;
18) транзиттік шот - екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылатын, көрсетілген қаражатты тиісті қызметтерді көрсетушілердің есеп айырысу шоттарына кейіннен автоматтандырылған түрде бөлумен, Бірыңғай төлем құжаты негізінде коммуналдық қызметтерді тұтынушылардан түсетін ақшалай қаражатты жинақтауға арналған арнайы банктік шот;
19) төлем құжаты – өнім берушінің ұсынған көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) үшін төлемді жүзеге асыру үшін жасалған, соның негізінде төлем жүргізілетін құжат (электрондық шот-фактура, шот, хабарлама, түбіртек, оның ішінде бірыңғай төлем құжатының құрамында, ескерту-шот, талап, талап-арыз);
20) тұрмыстық қатты қалдықтар – қатты нысандағы коммуналдық қалдықтар;
21) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісі – тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер;
22) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық нысандағы ақпаратты орталықтандырылған түрде жинау және сақтаудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сы) – бұл тұрғын үй қорын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты талдау және тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін ТКШ ақпараттандыру объектілерінен ақпаратты шоғырландыруды қамтамасыз ететін, мемлекеттік ақпараттық жүйе;
23) тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы техникалық оператор - энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы техникалық операторы ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
24) тұрмыстық тұтыну – коммуналдық көрсетілетін қызметтерді кәсіпкерлік қызметте пайдалану және оларды одан әрі өткізу мақсатында емес, тұтынушылардың тұрмыстық мұқтаждығы үшін тұтыну;
25) тұтынушы - коммуналдық және өзге де қосымша қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалану ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;
26) уәкілетті орган-тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
27) үйге ортақ инженерлік жүйелер – көппәтерлі тұрғын үйде пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың шегінен тыс жердегі немесе ішіндегі және екі және одан көп пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға қызмет көрсететін суық және ыстық сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, түтін жою, өрт дабылы, ішкі өртке қарсы су құбыры, қоқыс әкету, ауабаптау, желдету, жылуды реттеу және вакуумдау жүйелері, тогы әлсіз инженерлік жүйелер;
28) электрмен жабдықтау – электр энергиясын өндіру, беру және тұтынушыларға сату жөніндегі қызмет.
2-тарау. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың тәртібі мен шарттары
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын коммуналдық қызметтерге ақы төлеу тәртібі мүлік меншік иелерінің жиналысымен шешіледі.
Меншік иелерінің бірлестіктері немесе кондоминиум объектісін басқару субъектілері коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен (қызметтің әр түріне) ынтымақтастық туралы шарттар жасайды.
Мүлік иелерінің бірлестіктері немесе кондоминиум объектісін басқару субъектілері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға сервистік қызмет субъектілерімен шарт жасаса алады.
Тікелей бірлескен басқару кезінде ынтымақтастық шарттары кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға коммуналдық қызметтер көрсететін ұйымдар және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелерімен немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің көпшілігімен жасалады. Бұл ретте пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің барлығы немесе көпшілігі шарттың бір тарабы ретінде әрекет етеді.
Егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы жеткізуші мен тұтынушы арасындағы шарт қолданыстағы заңнамаға қайшы келмеуі тиіс және белгісіз мерзімге жасалған болып саналады.
1) жылумен жабдықтау – пәтерлердегі, тұрғын емес үй-жайлардағы ауа температурасын айқындайтын санитариялық нормаларға сәйкес, сондай-ақ температура кестесіне – жылыту маусымы ішінде тәулік бойы;
2) электрмен жабдықтау – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген электр энергиясының сапасына сәйкес – жыл ішінде тәулік бойы;
3) суық және ыстық сумен жабдықтау – Қазақстан Республикасының заңнамасында, санитариялық қағидаларда және мемлекеттік стандарттарда белгіленген берілетін судың сапасына сәйкес – жыл ішінде тәулік бойы;
4) су бұру – сарқынды суларды су бұру жүйелеріне толық бұруды қамтамасыз ету – жыл ішінде тәулік бойы;
5) газбен жабдықтау – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық талаптарға сәйкес және шарттарда белгіленген толық көлемде;
6) тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс әкету) – санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жергілікті атқарушы орган белгілеген кесте бойынша немесе жасалған шарттарға сәйкес.
3-тарау. Коммуналдық қызметтерді пайдалану және ұсыну процесін реттеудің тәртібі
сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша – тараптардың келісімімен белгіленетін міндеттер белгісі (оларды пайдалану үшін жауапкершілік) бойынша сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің элементтерін бөлу орны. Мұндай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы теңгерімдік тиесілілікті бөлу шекарасы бойынша белгіленеді.
Кондоминиум объектілеріндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы:
сумен жабдықтау бойынша – ғимаратта су құбырын енгізудегі бірінші ысырманың бөлуші фланеці;
су бұру бойынша – елді мекеннің су бұру желілеріне қосылған жердегі құдық;
жылумен жабдықтау бойынша – жылу энергиясы көзі тарапынан басқару торабының кіру ысырмаларының бірінші бөлу фланеці немесе дәнекерленген жік бойынша айқындалады;
электрмен жабдықтау бойынша – кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларын күтіп-ұстау, оларға қызмет көрсету және олардың техникалық жағдайы үшін:
1) әуелік тармақталу кезінде – тіреулерге орнатылған өтпелі және соңғы оқшаулағыштағы қоректендіру желісін қосу түйіспесінде;
2) кабельдік ену кезінде – ғимаратқа кірердегі қоректендіру кабелінің ұштарындағы бұрандалы қосылыстарда белгіленеді.
1) өз өмiрi мен денсаулығына қауiпсiз, мүлкiне зиян келтiрмейтiн белгiленген сападағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді алады;
2) көрсетілетін қызметтерге бағаларды (тарифтерді) белгілеу тәртібі туралы ақпаратты осы көрсеткіштерді бақылайтын тиісті мемлекеттік органдардан алады;
3) жеткізушінің кінәсінен болған коммуналдық қызметтерді көрсетудегі кемшіліктер салдарынан өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген шығын мен залалдың толық өтелуін, сондай-ақ моральдық залалдың орнын толтыруды жеткізушіден талап етеді;
4) жеткізушіден жылу энергиясымен, электр энергиясымен және сумен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді қайта есептеуді және шарттың талаптарына сәйкес коммуналдық көрсетілетін қызметтерді жеткізбеу немесе сапасыз жеткізу нәтижесінде келтірілген нақты залалды өтеуді талап етеді;
5) уақтылы ақы төлеген кезде өзіне қажетті көлемде энергия мен суды пайдаланады және техникалық шарттарға сәйкес қосу үшін рұқсат етілген қуаттан артық пайдаланбайды;
6) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларымен белгіленген тәртіппен, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы өтініш беру жолымен энергиямен жабдықтаушы ұйымды ауыстырады.
7) аварияларды жою, есепке алу аспаптарын тексеру, есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қарау және алу үшін жеткізушінің өкілдеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
8) коммуналдық қалдықтардың түріне және құрамына қарай оларды жеке жинау кезінде контейнерлерде және қалдықтардың жекелеген түрлеріне арналған басқа контейнерлерде сақтауды жүзеге асырады;
9) «Тұрғын -коммуналдық шаруашылығы бірыңғай платформасынан» бірыңғай төлем құжатының электрондық нұсқасын алады;
10) қажет болған жағдайда қағаз түріндегі төлем құжатын жеткізуді ұйымдастыруды БЕО жүзеге асырады. Бұл ретте, қағаз төлем құжаты тұтынушы қол қойған қағаз түріндегі төлем құжатын алуға өтініш болған кезде жеткізіледі.
1) көрсетілетін коммуналдық қызметтер үшін тұтыну көлемін және төлемақыны бақылауды жүзеге асырады;
2) БЕО-ға электрондық нысанда бірыңғай төлем құжатын қалыптастыру үшін тұтынушыға жасалған шарттар негізінде көрсетілген коммуналдық және қосымша қызметтер үшін қажетті ақпаратты ай сайын ұсынады;
3) тұтынушыны көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер, төлем шарттары, көрсетілетін қызметтерді ұсыну режимі, олардың тұтынушылық қасиеттері, жеткізушінің диспетчерлік, авариялық-диспетчерлік қызметінің мекенжайлары мен телефон нөмірлері туралы Интернет желісіндегі өнім берушінің сайтында не тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы не барлық тұтынушылар үшін қолжетімді жерде өнім берушінің үй-жайында орналасқан хабарландыру тақталарында мәліметтерді ұсыну жолымен хабардар етеді;
4) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінде одан әрі орналастыру мақсатында, электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған түрде жинау, талдау және сақтау, олардың сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету үшін тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы ай сайын көрсетілген коммуналдық қызметтердің төлем құжаттары, саны мен көлемі туралы ақпаратты ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін коммуналдық қызметтердің әрбір түрі бойынша тұтынушымен жеке және (немесе) жария шарттар жасасады;
6) тұтынушыға ұлттық, мемлекеттік стандарттарға, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, техникалық регламенттерге және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келетін коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынады;
7) тұтынушы қызметтер көрсету сапасын төмендету туралы өтініш берген күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде, сапаны қалпына келтіреді және қайта есептеу үшін барлық шараларды қабылдайды;
8) өзге тұтынушылардың талаптарды орындамау себептері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген себептер бойынша коммуналдық қызметтерді көрсетуден бас тартпайды және тұтынушыны коммуналдық қызметтерді алуда шектемейді;
9) тұтынушыға артық параметрлермен босатылған энергия мен су үшін қосымша ақы алмайды;
10) БЕО-ға берілетін деректердің шынайлылығы мен дұрыстығы үшін, оның ішінде тарифтерге, қызметтердің көлеміне, шарттардың талаптарына, есептеу аспаптарының деректеріне, тұтыну нормативтеріне және басқа да параметрлерге сәйкестігін қоса алғанда тұтынушылар алдында жауапты болады. Сондай-ақ ол ақпаратты келісім-шарттармен және есеп құжаттарымен салыстырады, арифметикалық қателіктерді, қате күндер мен тарифтерді қоса алғанда, қателерді анықтайды және жояды.
4-тарау. Коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысу және ақы төлеу тәртібі
5-тарау. БЕО-ның талаптары мен жұмыс тәртібі.
1) анықталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бұзушылықтарды тіркеуге;
2) анықталған бұзушылықтарды негіздей отырып, тиісті құрылымдық бөлімшелерге хабарлама жіберуге;
3) тиісті шотты түзетуге бастамашылық етуге.
БЕО міндетті:
1) шоттарды ұсынудың ішкі рәсімін қайта қарауды жүргізуге;
2) тиісті ішкі талаптарды қайта қарауға бастамашылық жасауға;
3) қателер мен сәйкессіздіктер анықталған жағдайларда тіркеу журналына және сәйкессіздік туралы актіні немесе ішкі қызметтік есепті ресімдей отырып, сәйкессіздіктерді тіркеуге.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркеу;
2) ол ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган беретін сәйкестік аттестатымен немесе өзі аккредиттеген ұйым берген сәйкестік сертификатымен расталуға тиіс ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Бірыңғай талаптарға сәйкес пайдаланылатын есепке алу және есеп айырысу процестерін автоматтандыру үшін қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің болуы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ақпараттық коммуникациялық технологиялар және ақпараттық-қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау;
4) кемінде екі екінші деңгейдегі банкпен жасалған келісімдердің болуы;
5) тұтынушылардың дербес деректерін қорғау тетіктерінің болуы.
1) белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес әртүрлі байланыс арналары арқылы нақты уақыт режимінде тұтынушыларды консультациялық қолдауды қамтамасыз ету;
2) міндетті түрде хабардар ете отырып және бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен азаматтардың шағымдары мен өтініштерін он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарау;
3) БЕО-ның ресми сайттарында және ақпараттық ресурстарында жариялау:
а) басқару органдарының ұйымдық құрылымы мен құрамы туралы мәліметтер;
б) пайдаланылатын технологиялық шешімдер мен ақпараттық жүйелердің тізбесі;
в) деректер қауіпсіздігін және жүйенің істен шығуға төзімділігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
г) төлемдер, пайдаланушылар саны және жұмыс тиімділігінің негізгі көрсеткіштері туралы жалпы ақпарат;
д) жергілікті атқарушы органдардың және басқа да уәкілетті органдардың сұрау салуы бойынша шотта көрсетілген коммуналдық қызметтер бойынша берешек туралы ақпарат.
1) БЕО қызметінің нәтижелілігін бағалау үшін сапа мен қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына қол жеткізуге, есеп айырысу мерзімдері мен дәлдігін сақтауға, сондай-ақ тұтынушылардың қанағаттануына бағытталған бағдарлар белгіленеді;
2) нәтижелілікті бағалау мынадай аспектілерді қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді:
а) қызмет көрсету сапасы және тұтынушылардың сауалдары мен шағымдарына жауап беру уақыты;
б) ұсынылған шоттардың дұрыстығы мен уақтылылығы пайызы;
в) деректердің қауіпсіздігі және дербес деректерді қорғау деңгейі;
г) тұтынушылардың ұсынылатын қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі;
д) қызметтерді тұтыну туралы алынған деректерді ескере отырып, есептеулер мен түзетуші есептерді уақтылы ұсыну;
е) тұрғындарға шоттарды төлеудің әртүрлі тәсілдерін қамтамасыз ету үшін екінші деңгейдегі банктермен және төлем ұйымдарымен шарттардың және интеграцияның болуы.
3) «Нұра ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі БЕО-мен шарттық қатынастар шеңберінде белгіленген бағдарларға қол жеткізуді бақылауды жүзеге асырады;
4) Мониторинг және шарттардың орындалуын орындау нәтижелері БЕО-ның ресми ресурстарында тұрақты есеп беруге және жариялауға жатады;
5) Әрбір бағыт үшін нормативтік құқықтық актілерге, БЕО ішкі регламенттеріне және шарттық міндеттемелерге сәйкес нақтыланатын нысаналы мәндер белгіленеді;
6) БЕО қызметінің нәтижелілігін бағалау бір күнтізбелік жыл ішіндегі деректер негізінде жүргізіледі. Белгіленген бағдарлар мен бағалаудың оң нәтижелеріне қол жеткізілген жағдайда, тиісті шарттық қатынастардың қолданылу кезеңі келесі бес жылға ұзартылуы мүмкін.
6-тарау. Дауларды шешу тәртібі
Тұтынушы өзі өтініш жасаған кезде түскен өтінішті тіркеу сәтінде өтініштің көшірмесіне тіркеу нөмірі, өтініштің берілген күні мен уақыты жазылады, оны қабылдаған жеткізуші өкілінің қолы қойылады.
Өнім беруші өтінімде (телефонограммада) көрсетілген нормалардан коммуналдық көрсетілетін қызметтер сапасының ауытқуы (үзілісі) туралы журналдағы белгілерді салыстырады және келіспеушіліктер болмаған жағдайда коммуналдық көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуді оны нақты тұтынуына сәйкес жүргізеді.
1) коммуналдық қызметтер көрсетуден бас тартудың (ажыратудың) немесе оны сапасыз жеткізуің басталған уақыты;
2) коммуналдық көрсетілетін қызметтер сапасы нашарлауының сипаты;
3) өтінім берудің уақыты және оны тіркеу нөмірі (жеткізушінің журналы бойынша);
4) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді қалпына келтіру уақыты (оның сапасының қалыпқа келуі);
5) коммуналдық көрсетілетін қызметтер болмаған (сапасының нашарлаған) кезеңі.
Тұтынушы көппәтерлі тұрғын үйде тұрған кезде өтінішке және аакт-қа тұтынушы және кемінде екі адам қол қояды, оның ішінде: үй кеңесінің мүшесі, мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы не көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания не пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері тікелей бірлескен басқару кезінде және өнім берушіге жолданады.
Тұтынушы жеке тұрғын үйде тұрған кезде өтініш пен актіге тұтынушы қол қояды.
Егер дау тараптардың келісімі бойынша шешілмесе, тұтынушы сотқа жүгінеді.
Акт тұтынушы қол қоюдан бас тартқан кезде де жарамды деп есептеледі, бірақ оны кемінде үш адамнан тұратын комиссия ресімдеген жағдайда:
өнім берушінің, үй кеңесінің өкілдері және мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі;
жақын маңдағы жеке тұрғын үйлерде тұратын екі тұрғын қатысқан жағдайда, тұтынушы жеке тұрғын үйде тұрған кезде бұзушылықты фотофиксациялау және (немесе) бейнетіркеу актісіне қоса беріледі.
Дау Тараптардың келісімі бойынша реттелмеген жағдайда, өнім беруші күнтізбелік отыз күн өткен соң тұтынушыдан ұсынылған соманы өндіріп алу туралы талап-арызды сотқа береді.
7-тарау. Қорытынды ережелер
Осы Қағидалардан басқа жеткізушілер мен тұтынушылар энергетика, жылумен, сумен жабдықтау, су бұру, газбен жабдықтау, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму, лифтілерге қызмет көрсету саласындағы нормативтік құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.