2020 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы есеп

2020 жылдың ІV тоқсанында жалпы 25649 қызмет көрсетілген, оның 242 мемлекеттік мекемелер арқылы қағаз жүзінде, ал баламалы (ХҚКО арқылы, «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін) түрде көрсетілетін қызметтерден мемлекеттік мекемелер арқылы 6537  қызмет көрсетілген, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 2069 қызмет көрсетілген. Электрондық түрде 16801 қызмет, соның ішінде «электронды үкімет» порталы мен «Е-лицензиялау» арқылы 198 қызмет және электронды түрде қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы 16603 қызмет көрсетілген.

Ішкі бақылау шаралары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Электрондық Үкімет веб порталын популяризациялау мақсатында ауылдық округтер мен кенттерде баннерлер ілінді және веб-портал арқылы электронды түрде алуға болатын мемлекеттік қызметтер жөнінде брошюралар таратылды.

          Мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердегі мемлекеттік қызметтерге қатысты қызмет алушылардан аталған кезеңде ешқандай арыз-шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар болған жоқ.

       Жылдық есептілік бойынша келесі өзгерістерді енгізуді сұраймыз:

- баламалы негізде қағаз жүзінде, яғни 2020 жылдың 1 тоқсанында қайтыс болуды тіркеу наурыз айында 0 көрсетілген болатын, алайда өтініштер бойынша 1 бірлік анықталды, сондай-ақ 2020 жылдың 2 тоқсанында бала тууды тіркеу сәуір айында 0 көрсетілген, алайда өтініштер бойынша 2 бірлік анықталды, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу бойынша мамыр айында 8 бірлік көрсетілген, алайда өтініштер бойынша 7 бірлік анықталды, 3 тоқсанда неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу бойынша қыркүйек айында 12 бірлік көрсетілген, алайда өтініштер бойынша 10 анықталды.

- egov.kz бойынша көрсетілген қызметтер бала тууды тіркеу мамыр айында 1 бірлік көрсетілген, өтініштер бойынша 2 анықталды, маусым айында 2 көрсетілген, өтініштер бойынша 1, 3 тоқсанда сондай-ақ egov.kz бойынша бала тууды тіркеу тамыз айына 7 көрсетілген, ал өтініштер бойынша 6 анықталды, қайтыс болуды тіркеу қыркүйек айына 0 көрсетілген, алайда өтініштер бойынша 2 бірлік анықталды.

- мемлекеттік корпорация арқылы 2 тоқсанда атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу бойынша мамыр айында 2 бірлік көрсетілген, өтініштер бойынша 1 анықталды, тамыз айы бойынша 2 бірлік көрсетілсе, өтініштер бойынша 3 бірлік анықталды.

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша

1)      Ақпан айында 12 қызмет баламалы түрде, 2 қызмет электронды түрде қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы

2)      Наурыз айында 18 қызмет баламалы түрде, 6 қызмет электронды түрде қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы

3)      Шілде айында 0 қызмет баламалы түрде, 1 қызмет электронды түрде қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы

4)      Шілде айында 0 қызмет баламалы түрде, 1 қызмет электронды түрде қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы

5)      Қыркүйек айында 9 қызмет электронды түрде қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілді.

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша

1)      Қаңтар айында мемлекеттік корпорация арқылы 1 қызмет, баламалы түрде 0;

2)      Ақпан айында мемлекеттік корпорация арқылы 2  қызмет, баламалы түрде 0;

3)      Шілде айында мемлекеттік корпорация арқылы 2 қызмет, баламалы түрде 0;

4)      Қыркүйек айында мемлекеттік корпорация арқылы 1  қызмет, баламалы  түрде 1 қызмет көрсетілді.

«Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша

1)      Қаңтар айында мемлекеттік корпорация арқылы 2 қызмет көрсетілді.

Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу қызметі бойынша сәуір айында egov.kz бойынша 2 бірлік анықталды.

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру қызметі бойынша сәуір, мамыр, маусым айларында сәйкесінше 4, 10, 10 бірліктен 2, 1, 7 бірлікке.

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру қызметі бойынша сәуір, мамыр, маусым айларында сәйкесінше 11, 2, 44, 5, 37, 15 (жеке және заңды тұлғалар бойынша) бірліктерден 4, 0, 22, 2, 29, 15 бірлікке.

Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру беру қызметі бойынша мамыр, маусым айларында сәйкесінше 5, 1, 3, 0 бірліктен (жеке және заңды тұлғалар бойынша) 2, 1, 2, 0 бірлікке.

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу қызметі бойынша сәуір, мамыр, маусым айларында сәйкесінше 104, 521, 41, 0, 87, 7 (жеке және заңды тұлғалар бойынша) бірліктен 104, 519, 30, 0, 53, 7 бірлікке.

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік көрсетілген қызметтері бойынша: қаңтар, ақпан, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек айларында сәйкесінше 0, 24, 23, 25, 0, 0 бірліктен 4, 22, 0, 0, 29, 15 бірлікке.

Дата публикации
01 июня 2026