Қарағанды облысы Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Қарағанды облысы Нұра ауданының Мұзбел және Тассуат ауылдары әкімдерін сайлау қорытындысы туралы хабарламасы

2026 жылғы 24 мамырда Нұра ауданының Мұзбел  және Тассуат ауылдары әкімін сайлау өтті.

 

Мұзбел ауылы бойынша сайлаушылар тізіміне 382 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 242 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс  – 9 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес және Нұра ауданының Мұзбел ауылы әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы келесі сайлау қорытындыларын белгіледі:

Байталяков Қозы Азаматұлына – 21 сайлаушы дауыс берді;

Салимжанова Қарлығаш Ғалымтайқызына – 180 сайлаушы дауыс берді;

Темиров Нұрхан Нұржанұлына – 17 сайлаушы дауыс берді.            

«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 18.

Сайлау қорытындысы бойынша Нұра ауданының Мұзбел ауылы әкімі болып 1981 ж. туған, Шахтинск қаласының тұрғыны Салимжанова Қарлығаш Ғалымтайқызы сайланды.

 

Тассуат ауылы бойынша сайлаушылар тізіміне 459 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 291 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс  – 2 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес және Нұра ауданының Тассуат ауылы әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы келесі сайлау қорытындыларын белгіледі:

Ахметов Айдос Дихановичке  – 250 сайлаушы дауыс берді;

Ешім Елдар Омарұлына – 18 сайлаушы дауыс берді;

Жанахметова Азиза Алмасқызына – 17 сайлаушы дауыс берді.     

«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 3.

Сайлау қорытындысы бойынша Нұра ауданының Тассуат ауылы әкімі болып 1964 ж. туған, Нұра ауданы, Тассуат ауылының тұрғыны Ахметов Айдос Диханович сайланды.

 

Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
24 мая 2026