НҰРА АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ҚАУЛЫСЫНЫҢ
ЖОБАСЫ
«Нұра ауданының мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің Ережесіне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес және «Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендіру мақсатында, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Нұра ауданының әкімі Б. Муканов
Орн.: Ж.К. Нурмагамбетов
Тел.: 8 (721 44) 79026
Нұра ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «__» сәуірдегі
№ _____
қаулысының қосымшасымен
БЕКІТІЛГЕН
«Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекесінің
ЕРЕЖЕСІ
Бөлім өз құзыретінің шеңберінде заңнамамен белгіленген тәртіппен оған лайық аймақта міндетті күші бар бұйрық түріндегі акті шығарады.
«Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесініңқұрылтайшысы Нұра ауданының әкімдігіболып табылады.
«Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Нұра ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 01/02 қаулысымен құрылған.
мемлекеттік тілде: «Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел культуры и развития языков Нуринского района».
Мекеменің жұмыс құжаттамасында:
мемлекеттік тілде: «Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ;
орыс тілінде: ГУ «Отдел культуры и развития языков Нуринского района»қысқартылған атаулар қолданылуы мүмкін.
Мекеме шексіз қызмет ету кезеңіне ұйымдастырылып отыр.
Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
2) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
4)ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
5) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
6) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
7) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағында тілдерді қолдану және дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
8) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;
9) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі тапсырмаларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдерінің, өкімдерінің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету;
12) бөлім өз құзырының шеңберінде, шешімдерінің, өкімдерінің, актілерінің жобаларын дайындауға және сараптама жасауға, тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
13) бөлім өз құзырының шеңберінде, уәкілетті органдардың қызметін үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз ету;
14) ақпараттық базалық деректерді (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинақтау, қорыту және жіктеу жұмыстарын жүзеге асыру;
15) мемлекеттік өнер мен мәдениет мекемелерінің жұмысын үйлестіру, осы саладағы басымдық саяси бағдарламаларды жүзеге асыруды бақылау, бағытындағы сұрақтар бойынша жұмыс жағдайын, қазіргі кездегі мәдениет дамуының ерекшелігін талдау, шешіліп жатқан проблемалардың сапасын анықтау;
16) Ұлттық саясат, мемлекеттік және ұлт тілдерінің, мәдениетінің, рухани әдет-ғұрыптарының даму көлемінде практикалық шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
17) орталық кітапхана жүйесін кітап қорымен жасақтау мақсатында қаражаттарды орталықтандыру, музыкалық аспаптарды, ауданның мәдениет мекемелеріне костюмдерді және жабдықтарды сатып алу, кітапхана жұмысын басшыландыруды жүзеге асыру, кітапты насихаттауды жақсартуға ықпал ету;
18) халық шығармашылығы мен бос уақытын ұйымдастыруды дамытуға мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарының жәрдемдесуін, әдіскерлік басшылығын жүзеге асыру;
19) ұлттық–мәдени ұйымдарды ашу, олармен қарым-қатынас жасау орталықтарын ұйымдастыру;
20) саздық, бишілік, театрлық, бейнелік және басқа да өнер түрлерін одан әрі дамытуға ықпал жасау;
21) мәдениет тарапынан (айтулы күндер, конференциялар, кеңестер) аудандық шаралардың дайындауын үйлестіру және өткізу;
22) тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырудың ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
23) мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуы барысына сараптама жасау;
24) ономастика сұрақтарын қарастыру, Мемлекеттік тілдерді қолдану және дамыту бағдарламасының орындалуына бақылау жүргізу;
25) жергілікті ономастикалық комиссияның топономикалық және жүйеге келтіру жұмыстарын жүйелеп жеделдету;
26) тілдер туралы заңдардың сақталуына, орындалуына бақылау жасау;
27) өз құзырының шеңберінде, мемлекеттік ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға тапсырма беріп, оның орындалуын бақылауға, сонымен қатар жергілікті және облыстық атқарушы органдардың шараларына қатысу;
28) өз құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-сараптамалық және басқа да материалдар дайындау;
29) ведомстваға қарасты мемлекеттік мекеменің, мемлекеттік бақылаудағы АҚ мен ЖШС-дың даму жоспарының орындалуын талдау және бақылауды жүзеге асырады, пайдалану құқығы мен акцияларды пайдалану әкімдіктің шешімдерімен Басқармаға (бөлімге) беріледі;
30) бөлімнің құзырындағы мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғаларына әдістемелік-ұйымдастыру, ақпараттық, басқа да көмек көрсету;
31) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
32) ауылда, кентте маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады.
Мекеме:
1) мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекетік органдардан, өзге ұйымдардан және жеке тұлғалардан қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;
2) өз құзіреттілігі шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға;
3) тиісті саладағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, бекітуге құқылы;
4) мекеменің өз функцияларын орындау үшін қажетті басқа да құқықтары бар;
5) бөлім өз құзыреті шегінде әкімшілік істерді қарауға және хаттамалар мен қаулылар қабылдауға құқылы.
Мекеменің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;
2) ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекетттік қызмет көрсету сапасына бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну;
4) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттерін жүзеге асырады.
Мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгіленетін өзінің құзыретіне сәйкес дара қағидаты бойынша қызмет етеді, Мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді.
1) Мекеменің Ережесі мен құрылымын, сонымен қатар оларға енгізілетін өзгерістерді әзірлейді және аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;
2) Мекемеге жалпы жедел басқаруды іске асырады, Мекеме қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады, Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді және бақылайды, Мекеме мамандары мен басқа жұмысшыларының жұмысын ұйымдастырады және оған бақылауды іске асырады;
3) аудан әкімінің бақылау жүргізетін орынбасарымен келісілгеннен кейін Мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді; Мекеме құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының, мамандары мен басқа жұмысшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
4) Мекемедегі ішкі еңбек тәртібінің ережелерін бекітеді, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуына бақылау жүргізеді;
5) әкім мен әкімдік құзыретінің шектерінде нормативтік және басқа да құқықтық актілердің, Мекеменің қызметіне қатысты басқа қызметтік құжаттардың жобаларын аудан әкімі мен әкімдігінің бекітуіне әзірлейді және ұсынады; басқа мемлекеттік органдардан Мекемеге келісуге жіберілген нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды дайындауды ұйымдастырады;
6) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін сотта, мемлекеттік органдар және басқа ұйымдармен қарым-қатынастарда өз өкілеттілігі шегінде қорғайды;
7) Мекеменің қызмет ету мәселелері бойынша аудан әкімі аппаратымен, аудандық мәслихатпен, ауылдар және Нұра кенті әкімдерінің аппараттарымен,аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдармен, Қарағанды облысының әкімдігімен, оның құрылымдық бөлімшелерімен, аудан мен облыс аумағында қызмет ететін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен, саяси партиялар мен қозғалыстармен, үкіметтік емес ұйымдармен және аудан жұртшылығымен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді;
8) Мекеме қызметінің мәселелері бойынша аудан әкімі жанындағы кеңесулерді, әкімдіктің, кеңесу-ақылдасу органдардың отырыстарын, жалпы аудандық қоғамдық-мәдени іс-шараларды дайындауды қамтамасыз етеді;
9) Мекеме қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын ұйымдастырады; олармен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізеді, оларды тиісті жобалар мен бағдарламалардың әзірленуі, қабылдануы және орындалуы, ішкі саясат саласындағы аудан үшін көкейкесті мәселелердің шешілу жолдары мен шаралары туралы ақпараттандыруды іске асырады;
10) Мекемемен аудан әкімі мен әкімдігінің қабылданған нормативтік және басқа құқықтық актілерінің, әкім мен оның орынбасарларымен берілген тапсырмалардың орындалуына бақылау және тексеруді ұйымдастырады және іске асырады;
11) Мекемеде іске асырылуын Мекеме қамтамасыз ететін аудан әкімі мен әкімдігі қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің белгіленген Ережелерге сәйкес тұрақты түрде мониторингін жүргізуді ұйымдастырады; осы актілерге уақтылы өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді, оларды жоюды немесе күштерін жоюды ұйымдастырады;
12) Мекеме көрсететін мемлекеттік қызметтердің іске асуын ұйымдастырады;
13) Мекеме қызметінің құжаттамалық қамтамасыз етілуін, қызметтік құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар жүгінулерінің қаралуын, келіп түскен жүгінулерді, құжат айналымын талдауды, азаматтарды жеке қабылдауды, іс жүргізушілікті ретке келтіруді және жетілдіруді, іс жүргізушіліктің мемлекеттік және орыс тілдерінде атқарылуын ұйымдастырады;
14) ұйымдастырушылық-өкімдік, кадрлық және басқа да, мұрағаттарға тапсырылуға тиісті құжаттаманың сақталуын және тиісті мемлекеттік мұрағаттарға тапсырылуын қамтамасыз етеді;
15) өз құзыретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды, бұйрықтар шығарады, Мекеме мамандары мен басқа жұмысшыларына орындауға міндетті тапсырмалар мен нұсқаулар береді;
16) Мекеменің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссияларына жалпы басқаруды жүргізеді, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауға, кадрлық жұмысты іске асыру мен құжат айналымдықты ұйымдастыруға бақылау жүргізеді, белгіленген тәртіпте құпия құжаттаманың жүргізілуін қамтамасыз етеді;
17) Мекемеде кадрлық саясаттың іске асырылуына және кадрлар резервінің қалыптастырылуына жауапты болады; штаттық кестеге сәйкес Мекемені қажетті кәсіп, біліктілік және мамандықтардағы мемлекеттік қызметшілердің қажетті санымен уақтылы толықтыруды қамтамасыз етеді;
18) Мекемеде мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес бос тұрған лауазымдарға орналасуға кандидаттардың конкурстық іріктеуін ұйымдастырады және оны өткізуге қатысады; Мекеме мемлекеттік қызметшілерінің аттестациясын өткізуді ұйымдастырады;
19) персоналды пайдалану процесін талдайды, кадрлардың кәсіпкерлігін және пайдалану тиімділігін оңтайландыру мен арттыру, оларды оқыту, оның ішінде жалпыға құқықтық оқыту, тағылымдамалар мен қайта дайындау бойынша шараларды әзірлейді; аталған шаралардың іске асуына қадағалау жүргізеді;
20) сыбайлас жемқорлыққа, қызмет этикасы ережелерінің бұзылуына қарсы күресті күшейтуге және Мекеменің мемлекеттік қызметшілері мен басқа жұмысшыларының жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды әзірлейді және қабылдайды; жұртшылық алдында жүйелі түрде өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылдаған шаралары туралы есеп береді;
21) дербес түрде Мекеме мамандары мен басқа жұмысшыларын іс-сапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, дайындау (қайта дайындау), біліктілігін көтеру және көтермелеу мәселелерін шешеді (жоспарлар мен кестелерді бекітеді);
22) аудан әкімі мен оның бақылау жүргізетін орынбасарымен келісуі бойынша: бөлім басшысының (орынбасарларының) аудан сыртына іс-сапарға және демалысқа шығу, Мекеменің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында тағылымдамадан өту мәселелерін шешеді;
23) Мекеменің бюджеттік бағдарламасын әзірлеуді, Мекеменің бюджеттік өтінімін дайындауды және оны аудандық бюджеттік комиссиясының қарауына аудан әкіміне ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік процестің басқа рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
24) Мекеменің қаржыландыру сметасы мен қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді; банкілік шотын ашады; заңнамамен белгіленген жағдайлар мен шектерде Мекеменің ақшалай қаражаты мен басқа мүлкіне басшылық етеді; сенімхаттарды береді;
25) Мекеме қызметінің материалдық-шаруашылық қамтамасыз етілу және оған жүктелген міндеттерді атқару мақсатында тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің мемлекеттік сатып алынуын ұйымдастырады және олардың өткізілуін қамтамасыз етеді; азаматтық-құқықтық шарттарды жасасады, олардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды;
26) Мекеме ғимараты, үй-жайы мен мүлкін қорғауды және өрт қауіпсіздігін ұйымдастырады; Мекеме жұмысшыларымен санитарлық ережелер мен нормалардың, еңбек қауіпсіздігі техникасының талаптарын орындау бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
27) азаматтарды және Мекеме жұмысшыларын олардың жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүргізеді;
28) өзіне заңнамамен және осы Ережемен жүктелген басқа да функцияларды және өкілеттіктерді іске асырады.
«Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның міндеттерін, аудан әкімінің өкіміне сәйкес, Мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Мекеменің бас маманы) атқарады, сондай-ақ:
1) Мекеме басшысының олардың себептері мен ұзақтығына қарамастан аудан сыртына жеке жол жүру мәселелері, алдын-ала тікелей аудан әкімімен (оның міндетін атқарып отырған тұлғамен), ал ондай мүмкіндік болмаған жағдайда – аудан әкімі аппаратының жетекшісімен келісіледі;
2) аудан сыртына жол жүру, ауырып қалу немесе жұмыс орнында басқа себептер бойынша жоқ болу кезеңінде Мекеме басшысының міндеттерін Мекемедегі құрылымдық бөлімше басшысына немесе бас маманға жүктеу арқылы:
-бір жұмыс күнінен аспайтын уақытта жоқ болғанда – Мекеме басшысының ауызша бұйрығы бойынша;
-бір күннен асатын уақытта жоқ болғанда –аудан әкімінің (оның міндетін атқарып отырған тұлғаның) жазбалы өкімі мен мемлекеттік орган бойынша шығарылатын тиісті бұйрық негізінде Мекемені басқарудағы сабақтастық қамтамасыз етіледі.
Мекеме басшысы:
1) басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан Мекеме құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, әкімнің, әкім орынбасарларының, облыс және аудан әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларының орындалуы жөніндегі есептерді сұратуға және қабылдауға;
2) аудан әкімі шешімдерінің, өкімдерінің және әкімдігі қаулыларының жобаларын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, сондай-ақ өзге ұйымдардың, олар белгіленген талаптар мен енгізу тәртібіне сәйкес келмеген жағдайда іскерлік хаттарын қайтаруға құқылы.
Мекеме басшысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: өзіне тапсырылған Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауы бойынша міндеттерді атқару, өзіне жүктелген міндеттерді атқару мен өзінің қабылдайтын шешімдердің заңдылығы үшін дербес жауапкершілік жүктеледі.
Мекеме қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, Мекеме құрылымдық бөлімшелерінің құзыреті мен өкілеттігі олардың Мекеме басшысымен белгіленген тәртіпте бекітілетін құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерімен, лауазымдық нұсқаулармен орнатылады.
Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінде аудан әкімінің жетекші орынбасарымен келісілгеннен кейін Мекеме басшысымен бекітілетін өздерінің Ережелері болуға тиіс.
Мекеме құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (секторлардың меңгерушілері) Мекеме басшысымен, аудан әкімінің жетекші орынбасарының келісуі бойынша тағайындалады және лауазымдарынан босатылады.
Мекеме құрылымдық бөлімшелерінің басшылары:
1) өздерінің бөлімшелеріне жүктелген міндеттер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша міндетті атқару, Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президенті актілерінің, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министрінің өкімдерінің, облыс әкімі актілерінің және оның басшылығы тапсырмаларының, аудан әкімі мен әкімдік актілерінің, өз қарауы шегіндегі берілген әкім орынбасарлары мен Мекеме басшысы тапсырмаларының, өз құзыреті шегіндегі аудандық мәслихат актілерінің жедел және мінсіз орындалуы үшін дербес жауапты болады; жұмысшылардың тағайындалуы, ауысулары және босатылуы туралы ұсыныстар енгізеді, бөлімше қызметкерлері арасында міндеттерді үлестіреді, еңбектің оңтайлы ұйымдастыруылын, өзара алмастырушылықты, еңбек тәртібін қамтамасыз етеді, қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес іс жүргізушіліктің, оның ішінде құпиялық та, дұрыс жүргізілуі үшін жауапты болады;
2) өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағандары үшін заңнамамен белгіленген түрде жауапты болады.
Мекеменің әкімшілік мемлекеттік қызметшілері өздерінің тікелей қызметтік міндеттерін орындау барысында осы Ережеге және Мекеме басшысының тапсырмаларына сәйкес:
1) аудан әкімінің отырыстарына, аудан және Нұракенті, ауыл әкімдері аппараттарында, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда өткізілетін кеңесулерге, іс-шараларға қатысуға;
2) Мекеме басшысының, Мекеменің құрылымдық бөлімшесі басшысының тапсырмалары бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, аудан аумағында орналасқан ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан Мекеме құзыретіне қатысты мәселелер жөнінде ақпараттарды, ұсыныстарды және қорытындыларды сұратуға;
3) Мекеме басшысына қойылған талаптарды қанағаттандырмайтын, заңға қайшы келетін аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын тыңғылықтауға қайтару туралы ұсыныстар беруге, Мекеме құзыретіне кірмейтін құжаттар мен материалдарды, сондай-ақ олар белгіленген талаптарға және енгізу тәртібіне сай болмаған жағдайда қайтаруға құқылы.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 82-бабына сәйкес Мекемеде жұмыс уақытының 40 сағаттық жұмыс аптасындағы келесі ұзақтығы белгіленеді – сегіз сағат (жұмыс күнінің басталуы 9.00-де, аяқталуы – 18.00-де, тамақтану үзілісі – 13.00-ден 14.00-ге дейін).
Тұтастай Мекеменің немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің қалыпты жұмыс істеуіне әсер ететін жедел іс-шараларға (шұғыл тапсырмаларды орындауға, жоғарғы мемлекеттік басқару органдарының сұранысы бойынша ақпараттарды, ұйымдастырушылық іс-шараларды дайындауға, т.б.) байланысты, Мекеме басшысының жазбалы бұйрығы бойынша жекелеген әкімшілік мемлекеттік қызметшілер үстемелік жұмысқа, демалыс және мерекелік күндері жұмысқа тартылуы мүмкін. Көрсетілген уақыттағы жұмыс үшін заңнамаға сәйкес өтемақы төленеді.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары Мекемеге әкімшілік мемлекеттік қызметшілер ретінде олардың басқа еңбек етумен айналысуға шектеуді, сондай-ақ заңдармен белгіленген басқа да шектеулерді орындау бойынша жұмысқа қабылданады.
Мекеменің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне белгіленген үлгідегі қызметтік куәліктер беріледі. Қызметтік куәліктердің рәсімделуі және берілу есебі Мекеменің кадрлық қызметіне жүктеледі. Мемлекеттік қызмет тоқтатылған жағдайда қызметтік куәлік кадрлық қызметке қайтарылуға тиіс.
«Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ Мекеменің өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер арқылы қалыптастырылады.
22.«Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншікке жатады.