
Зейнікен Шерхан Айтбайұлы 1989 жылы 22 ақпанда Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында дүниеге келді.
Еңбек жолын 2009 жылы Нұра ауданы бойынша салық басқармасында бастады. 2009 – 2013 жылдары Нұра ауданы Соналы ауылы әкімінің аппараты» ММ Жетекші маман-есепші және есепші болып жұмыс атқарды. 2013-2016 жылдары Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Теміртау кеден бекетінің жетекші маманы, 2016 жылы Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты ММ Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы. 2017-2018 жылдары Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты ММ Қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, болып жұмыс істеген. 2020 жылы Нұра ауданы Нұра кенті әкімі аппаратының бас маманы. 2020 – 2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы бойынша «Жаңару» РҚБ филиалының директоры болды. 2022 – 2023 жылдары Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті бухгалтерлік есеп және мемлекеттік активтер бас қармағының бас сарапшысы болып жұмыс атқарды.