2024 жылдың есепті кезеңінде «Нұра ауданы, Жараспай ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің 3 (үш) мемлекеттік қызмет көрсетілді, 2 (екеуі) қағаз жүзінде, 1 (біреуі) «Е-лицензиялау» арқылы электронды түрде көрсетілді. Мемлекеттік қызметтер ішкі бақылау шаралары жоспарға сәйкес жүргізілуде. «Электрондық үкімет» веб-порталын насихаттау мақсатында ауылда баннер ілініп, ауыл тұрғындарына веб-портал арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі туралы брошюралар мен жадынамалар таратылды. Әкімдік ғимаратында «eGov.kz» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты мемлекеттік органға көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ. 2024 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартулар болған жоқ.