Отчет акима за 3 квартал

  Қарақойын ауылдық округы бойынша 2022 жылғы 3 тоқсандағы атқарылған

жұмыстары туралы Жанбобек ауылы әкімінің халық алдындағы есебі.

 

Қайырлы күн

 

Құрметті Бақытжан Мылтықбайұлы !

Құрметті әріптестер және Жанбобек ауылының тұрғындары!

 

        Қазақстан Республикасы Президиденті     Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаевтің  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан; іс қимыл кезеңі»  деп  аталған  Жолдауы бойынша әр тоқсан сайын әр-түрлі деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беру туралы тапсырма берген болатын.

       Осы  тапсырмалардың  орындалуын  жүзеге  асыру  біз үшін міндет.

      Алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру аясында 2022жылғы 9 айда атқарылған жұмыстар мен алда қойылған міндеттер туралы есеп беруге рұқсат етіңіздер.   

Өткен жылғы есеп беру кезінде төмендегідей тапсырмалар берілген болатын.

   1.Ауыз су мәселесі

   2.Ауыл көшелерін жарықтандыру

   3.Ауыл іші жолдарын тегістеу

   4.Мал сою алаңын салу

   5.Ескі клуб ғимаратын бұзу

Осы сұрақтар бойынша істелінген жұмыстар туралы айтарым;

  1. Ауыз су мәселесі бойынша бүгінгі таңда барлық жұмыстардың 90 пайызы орындарды.Биылғы жылға 89 млн тенге қарастырылған болатын.Бірақ медігер өз жұмысына немқұрайлы қарағандықтан жұмыс уақытылы басталған жоқ.Сол себепті өзара келісім шарт бұзылды. Қазіргі таңда сот процесі жүруде.
  2. Ауыл көшелерін жарықтандыру мәселесі бойынша ;Тендер ойнатылды, ауыл ішіне 20 жарық шамдары орнатылды.
  3. Ауыл іші жолдарын тегістеу бойынша; 8,5 млн тенгеге сметалық құжаттар әзірленіп ,аудандық экономика бөліміне тапсырылды.Осы аталған қаражат сомсасы бөлінген жоқ.
  4. Мал сою алаңы бойынша ;Жұмыстар басталды.Осы жұмысты ауыл тұрғыны Сулейменов Аман қолға алды.
  5. Ескі клуб ғимаратын бұзу туралы: Бұл жұмыс шілде айында басталған болатын.ауыл тұрғыны Сейтжанов Марат кедергі жасағандықтан жұмыс тоқтап қалды. Бүгінгі күнге жергілікті кеңеспен ауыл тұрғындарының жиналысының хаттамасы бойынша бұзуға рұқсат алынды. Алдағы уақытта ғимаратты бұзып, мал сою алаңын салуға пайдаланатын боламыз.

 

       Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы.

 

  Қарақойын ауылдық округы екі елді мекеннен тұрады Жанбобек және Аққолқа ауылдары.

   Халық саны 472 адам, оның ішінде Жанбобек ауылында -391, Аққолқа ауылында – 81 адам.

4 ұлт өкілдері тұрады, оның ішінде;

   1.Қазақтар- 459 адам

   2.Орыстар  - 11  адам

   3.Татарлар-1   адам

   4.Башқұрттар-1 адам

Аула саны -  104, оның ішінде Жанбобек ауылында – 85,  Аққолқа ауылында – 19 үй.                                                                                   

Округ бойынша зейнеткерлер – 33 адам.

 Барлық топтағы мүгедектер  – 13 адам.

«Алтын алқа» иегерлері – 15 адам, «Күміс алқа» иегерлері - 5 адам.

Ауған соғысы ардагері -1 адам

Жұмысқа қабілеттілер саны: 232 адам. Оның ішінде:

 Білім саласында – 48;

Денсаулық сақтау саласында –2;

Мәдениет саласында –6;

Мемлекеттік қызметте –4;

 Жеке кәсіпкерлер - 7;

  ЖШС және шаруа қожалықтарында – 50 адам.        

 

         Ауыл  әкімінің  аппараты  бойынша 2022 жылы қаңтар айынан бастап әр-түрлі сұрақтармен ауыл әкімінің қабылдауында 7 ауыл тұрғыны қабылданып, көтерген мәселелер бойынша түсініктеме беріліп, қанағаттанарлық іс-шаралар жасалды. 35 өкім шығарылды,2-шешім қабылданды, (2022 бюджетке өзгерістер енгізу туралы), 3 мемлекеттік кызмет көрсетілді балаларды мектепке тасмолдауға-3 ата-ана өтініш берді.

     Шығыс құжаттары-144, кіріс құжаттары-99,   нотариалдық іс әрекет -13.           

  

            Ауыл әкімі аппараты бюджетінің орындалуы;

 

     2022 жылы округ бойынша 1,921 642 тенге көлемінде жергілікті бюджетке салық түсті. 

 

Ауыл шаруашылық саласы.

 

Барлық жер көлемі – 266451 га, Жанбөбек ауылының тұрғын жері – 28761 га. 4-ЖШС, 2- АШӨК, 5-ЖК, 15 шаруа қожалығы тіркелген.

Округ бойынша  барлығы ірі қара-6472 ұсақ мүйізді мал-17559 жылқы-5170, құстар-1348 бас тіркелген. Бүгінгі күнге 6800 тонна шөп әзірленді.

 

Білім беру саласы.

 

Округ бойынша екі мектеп жұмыс істейді. Қарақойын орта мектебі және Аққолқа бастауыш мектептері. Қарақойын орта мектебінде 25 мұғалім. Оқушылар саны-79, мектеп алды даярлық тобындағы тәрбиеленушілер – 9 бала, шағын орталықтағы балалар -13. Барлығы 104 бала. Аққолқа бастауыш мектебінде  мұғалім, 4 оқушы. Барлығы 27 мұғалім,  оның ішінде 21-сы жоғары білімді, 4 і арнаулы орта білімді. Интернатта 4 оқушы орналасқан.

 

                               Денсаулық сақтау саласы бойынша.

 

Жанбөбек ауылындағы  медициналық  пункте 1 медбике жұмыс істейді. Округте туберкулез ауруына, онкологиялық ауруға шалдыққандар тіркелген жоқ. Флюорографиялық тексерістен толығымен өтіп,скринингтен өтіп, тексерілді.Аудан бойынша 12 ауылға жаңадан ФАП салуға жоспарлануда Осы проектіге біздіңде ауыл ілікті.

 

                              Санитарлық тазалау

 

 Көктемде екі айлық «Таза бейсенбілік», сенбілік күндерінде ауыл тұрғындары, жеке кәсіпкерлер, ұжымдар ауыл ішін және үйлерінің маңайын тазалауға шығып тұрды.  Жыл бойы барлығы 3500 тонна күл-қоқыс шығарылды.

Биыл жаз айларында 3 рет дала өрті тіркелді.Өртті сөндіруге әкімшілік қызметкерлері, Қорғалжын қорығы қызметкерлері және Нұрлайлау шаруашылығының техникалары жұмылдырылды.

 

                                                                                      

 

ЖОСПАРЛАР.

 

  1. Санитарлық тазалық, абаттандыру және көркейту жұмыстарын жалғастыру;
  2. Шағын және орта бизнесті жүргізу бойынша ауыл тұрғындарының ішінде насихат жүргізу.

 

  1. Ауылға мәдениет үйін ашу.

 

  1. Су мәселесін толығымен шешу.

 

 

      НАЗАР ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

                 

 

Дата публикации
08 февраля 2024