Тікенекті ауылы әкімінің ауыл тұрғындары алдында есебі

                                             Хаттама №1

 

 

 

22.02.2024 ж.                                                                    Тікенекты ауылы

 

 

 

Қатысқан тұрғындар саны-32 адам.

Жиналыс төр ағасы Тікенекті ауыл әкімі

Е.О. Буркитбаев

Хатшысы: Аппасова А.Т.

 

                                         Күн тәртібі

 

 

1.Тікенекті ауылы 2023 жылы атқарылған жұмыстар бойынша  ауыл әкімінің баяндамасы.

  1. Әр түрлі ауыл мәселелері.

 

Ткенекті ауылы  әкімі тұрғындар алдында 2023 жылда атқарылған жұмыстарды, және 2024 жылы  атқарылатын іс-шаралар бойынша баяндама жасады. Баяндамада ауылдың әлеуметтік жағдайы, білім және медицина мәселелеріне көбірек көңіл аудару керектігін атап өтті.

Ауылшаруашылық бойынша ауылшаруашылық төрт түліктерінде мал басы жылдан-жылға өсуі байқалуда, осы мәселе бойынша ауылшаруашылық малдарының жайылымын дұрыс пайдалануы, үнемі бақылауда болатыны айтылды.

Одан басқа қыс айларын өткізіп, көктемгі су тасқынына дайындық  жұмыстарын жалғастыру.

 

Ауыл тұрғындар сұрақтары:

  1. Ауыл тұрғыны Козбакова А.К. Ауылға келетін мамандарға жанадан үйлер салына ма?
  2. Тікенекті ауылы бойынша жеке меншік тұрғын үйлердің құжаттарын дұрыстап заңдастырып беруге аудан орталығынан мамандар келе ме?
  3. Ауыл тұрғыны Буркитбаев О. Тікенекті-Баршын тас жолында орналасқан көпір авариялық жағдайда екендігі айтылды.

 

Тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша Тікенекті ауыл әкімі қанағаттандырарлықтай жауап берілді.

 

Жиналыс төрағасы:                                           Е.О. Буркитбаев

Хатшысы:                                                           А.Т. Аппасова

Хаттама 2024
Дата публикации
15 марта 2024