Баяндама
Құрметті ауылдастар! Құрметті Бақытжан Мылтықбайұлы, және аудан бөлім басшылары. Баяндаманы бастауға рұқсат етіңіздер.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында, әр деңгейдегі әкімдер тұрғындарға жиналыс ашып атқарылған, және атқаратын жоспарға сәйкес жұмыстарына есеп береді.
20 қараша 2022 жылы Қазақстан Республикасы бойынша Президенттік сайлау өткізілді, осы саяси науқанда біздің ауыл тұрғындары бір үйдің адамындай дауыс беруге қатысты. Осы сайлауға белсенді қатысқан ауыл тұрғындарына алғысымызды айтамыз.
Нұра ауданы Ткенекті ауыл әкімі аппаратының бюджеті 2022 жылы 21,759 мың теңгені құрады.
2023 жылы жоспар бойынша -21,580 мың теңгені құрайтын болады.
2022 жылы Аудандық бюджеттен 4,5 миллион қаражат бөлініп, ауылдың Мәдениет ошағы ағымды жөндеуден өткізілді. 23-дана пластикалық терезе, сыртқа темір есік салынды, және екі кабинет оңдалып, еденге кафель төселді.
Қабырға жөндеу, тегістеу жұмыстарына қаражат қажет етіледі.
Әлеуметтік салалар.
Ауылда Сарыөзен негізгі орта мектеп жұмысын атқаруда, мектепте 40 оқушы білім алуда, 15 мұғалім бар.
2022-2023 жылдары қысқы от жағу мерзімін өткізуге 180 тонна көмір түсірілген жылу жүйесі штаттық режимде жұмысын атқаруда.
Медицина саласы ФАП бар, маман, жедел-жәрдем көлігі жоқ. Ауыл тұрғындарының баса бөлігі жасы келген зейнеткерлер. Ауыратын тұрғындарда аз емес, осы мәселе ауылымыздың бір өзекті мәселесіне айналып тұр.
Электро жүйесі бойынша қысқы мерзімде энергия жиі-жиі сөніп қалады. Көше жарықтары 41-прожекторлар болған олар тозығы жетіп істен шыға бастады. Бүгінгі күні 7-данасы қалды. 2022 жылы 20-дана көше жарығына өтінім берген болатынбыз. Бұл сұраныс 2023 жылға жоспарлануда.
Ауыз су тұрақты түрде беріліп тұр.
Байланыс жүйесі бойынша Қазақтелеком, және Билайн байланыс жүйесі жұмыстарын атқаруда. Бір кемшілігі интернет жылдамдығы жоқ.
Почта айына екі рет зейнетақы, жалақыларды, жәрдемақы, газет-журнал және басқада төлемдерді инкассация арқылы жеткізіп тұрады. Ауылға газет-журнал жеткізілуі сирек болғандықтан, жазылу қарқыны төмендеген.
Кітапхана бар жұмысын атқаруда. Кітап қоры-11200 дана, оқырмандары бар.
Қоғам тәртібі 2022 жылы ауыл бойынша тәртіп бұзушылықтар, қылмыстық оқиғалар тіркелген жоқ.
Ауыл шаруашылық бойынша 2-ші жарты жылдық мал санағы аяқталды.
1 қантар 2023 жылға ауыл бойынша мал басы ІҚМ қара мал басы-2919 бас.
Ұсақ мал-3831 бас,Жылқы-4035 бас. Құс-486 бас. Құстан басқа малдар түрінде былтырғы көрсеткіштен 5 % пайыз өсім бар. Жаз айлары мал азығы мүмкіндігінше дайындалды. Бүгінгі күнге дейін малдардың басым бөлігі далада жайылып жүруіне байланысты мал азығы қысқы мерзімге жеткілікті болады деп ойлаймыз.
Өзекті мәселердің бірі мал соятын алаңның жоқтығы. Жол бойында автоинспекция ветеринарлық құжат талап етеді. Малдарын сатуға апаратын тұрғындар айыппұл төлеуге мәжбүр.
Қыс айлары көмір тасымалдау баяу болып тұр, таситын техникалардың жоқтығы. Ауыл бойынша бір ЗиЛ автокөлігі тақауда шықты тасып жүр, бағасы 14 мың теңге.
2023 жылға жоспар бойынша қаражаттың бөлуіне байланысты.
1-ші балалар ойнайтын алаң салу. Құны-4.396 мың 130 тенге.
2-ші Көше жарығын орнату қажетті қаражат-692 мың 320 тенге.
3-ші Мәдениет ошағының ішкі қабырғаларын жөндеу, электро сымдарын жаңарту, кабинеттерге есіктер орнату.
4-ші Ауылдың абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жалғасады.
Назар аударып тындағандарыңызға РАХМЕТ!