GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Все материалы
15 октября 2026
Ақпарат

ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР

  1. Зейнетақы активтерін кім басқарады?

 

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.

Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.

Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:

«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).

www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.

 

  1. Заңнамалық өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл мүмкіндікті кім пайдалана алады және бұл механизм қалай жүзеге асырылады?

 

Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.

www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.

Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

 

  1. Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?

 

Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.

Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.

 

  1. Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан басқарушы компанияға беру қалай жүзеге асырылады?

 

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.

Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.

Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:

  • ИПБ-ға/ҚРҰБ-қа беруге немесе қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады;
  • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру ережелері және талаптарымен таныса алады;
  • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ҚРҰБ-қа қайтару туралы өтініш беріп, оның мәртебесін қадағалай алады;
  • басқа да қолжетімді зейнетақы қызметтерін пайдалана алады.

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.

ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.

Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.

 

  1. Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан алып, басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

 

БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.

Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.

 

15 октября 2026
Ақпарат

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

БЖЗҚ-ның  халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің

98,6% цифрлық форматта жүргізілді

 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жинақтарын жинақтау және болашақта төлемдер қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинап қана қоймай, сонымен қатар өз болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды салымшылардың қажеттіліктеріне бейімдей отырып дамытуда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

01.01.2026ж. мен 31.07.2026ж. аралығында Қор салымшыларға 32,4 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 20,7 млн-ы электрондық форматта, 11,0 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,6%-ын құрады. Салымшыларға 454,4 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 443,1 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.

Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. 

Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 1,1 млн бірлікке жетті. 

Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 21,7 млн үзінді көшірме берілді. Оның 19,3 млн-ы – электрондық, ал 2,1 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Өткен кезеңде салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруына аударуға 74,0 мың өтініші қабылданды, оның басым бөлігі – электрондық форматта.

БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікке біріктіріп, инвестициялық қызметтері туралы деректерді жүйелі түрде ұсынатынын естеріңізге салады. invest.enpf.kz порталында пайдаланушыларға зейнетақы жинақтарының жүйесі, бағалы қағаздар, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), базалық ұғымдар, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы туралы мәліметтер, сондай-ақ әрбір ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері, ИПБ-ның реттеушілік талаптарды сақтауы туралы деректер, салымшыларға ИПБ-ның портреті мен инвестициялық қызметін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

Есепті кезең ішінде деректемелерді өзгертуге 67,2 мың өтініш қабылданды. Оның 63,1 мыңы Қордың кеңселерінде орындалды. 

БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 34,7 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 689,0 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 24,1 мың материал жарияланды.

Салымшылар мен алушылардан кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша 255,8 мың өтініш түсті.

Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.  

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

12 октября 2026
Aқпарат

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанын еске салады

 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі БЖЗҚ, Қор) 01.01.2026 ж. бастап салымшылардан зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі ИПБ) «Halyk Global Markets» АҚ беру туралы жаңа өтініштерді қабылдау тоқтатылғанын еске салады. Бұл шешім 2025 жылғы 31 желтоқсанда аталған ИПБ-ның бастамасы бойынша 2021 жылғы 18 ақпандағы № 17/6/18-02-21/П Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты (бұдан әрі Шарт) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бұзу жоспарланып отырғаны туралы хабарламаның алынуына байланысты қабылданды.

Бұған дейін ИПБ-ға берілген барлық зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (бұдан әрі — ҚРҰБ) басқаруына берілгенге дейін қолданыстағы шарттарға сәйкес «Halyk Global Markets» АҚ басқаруында қала береді. Қолданыстағы Ережелерге сәйкес, ИПБ Шарт бұзылғанға дейін өз міндеттемелерін толық көлемде орындауға, соның ішінде бекітілген инвестициялық стратегияны, активтердің сақталуы жөніндегі талаптарды және есептілікті сақтауға міндетті.

Басқару мерзімі аяқталғаннан кейін БЖЗҚ ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін ақшалай түрде толық көлемде ҚРҰБ-ға сенімгерлік басқаруға қайтаруды жүзеге асырады. Бұл ретте теріс айырма пайда болған жағдайда, ИПБ оны толық көлемде өтейді. ИПБ-ның теріс айырманы есептеуі мен өтеу мерзімдері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 қаулысымен регламенттелген.

Салымшылардың (зейнетақы жинақтары ИПБ сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң) зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына немесе басқа ИПБ-ға беруді жүзеге асыруға құқылы екенін еске саламыз.

Статистикалық деректерге сәйкес, 2026 жылдың басынан бері «Halyk Global Markets» АҚ-дан басқа ИПБ-ларға жалпы сомасы 765,5 млн теңгеге зейнетақы жинақтары бойынша 441 аударым жасалды. Осы кезеңде ҚРҰБ басқаруына жинақтарды қайтару бойынша жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге 881 аударым жасалды. Бұл ретте ИПБ-ның әрбір салымшысы өзінің зейнетақы жинақтарын басқа ИПБ-ларға немесе ҚРҰБ басқаруына бір реттен көп аударуға құқылы болды.

 

 

 

06 августа 2026
Aқпарат

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдайы

 

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.

 

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 28 081,70 млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 26 786,27 млрд теңгені[1] құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 1173,59 млрд. теңге.

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 121,84 млрд теңгені құрады.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.

ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 шілдеде МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,32%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 7,87%, ҚРҰБ депозиттері – 3,71%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,57%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,07%, МҚҰ – 0,97%, шет мемлекеттердің МБҚ – 0,41%.

Активтердің 38,37%-ы индексті басқару шеңберінде инвестицияланады. Бұл тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарланған инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,00%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 41,00%.

Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 1 114,54 млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 91,69 млрд те

 

[1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда

 

06 августа 2026
Ақпарат

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін

мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

 

Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мөлшерінде, жинақталған инфляция деңгейін ескере отырып сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдіктің жойылуына қатысты келіп түскен сұрақтар бойынша БЖЗҚ төмендегіні хабарлайды.

 

Мемлекет кепілдік береді және реттейді

Әлеуметтік кодекстің 217-бабында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекет зейнетақы төлемдерін алушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына олардың нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде кепілдік береді» деп көзделген.

Мемлекеттің зейнетақы активтерінің сақталуына беретін кепілдігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) қызметін реттеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк, ҚРҰБ) де, ИПБ-лардың да инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу, зейнетақы активтерін орналастыру кезінде оларды әртараптандыру және тәуекелдерді төмендету жөніндегі талаптарды сақтау, сондай-ақ басқа да реттеуші нормалар арқылы қамтамасыз етіледі.

Ұлттық Банк зейнетақы активтерін зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге және ұзақ мерзімді нақты табыстылық алуға бағытталған мақсаттарды басшылыққа ала отырып басқарады.

ИПБ-ға зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару бойынша заңнамада белгіленген жауапкершілік жүктеледі. Яғни, ИПБ алған номиналды табыстылық пен реттеушінің талаптарына сәйкес есептелген табыстылықтың ең төменгі мәні арасында теріс айырма болған жағдайда, ИПБ осы теріс айырманы өзінің меншікті капиталы есебінен өтейді.

 

Мемлекет көпдеңгейлі бақылауды қамтамасыз етеді

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жүйесі көпдеңгейлі мемлекеттік бақылауда қала береді.

- Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес (ҰҚБК), оған Мемлекет басшысы төрағалық етеді, зейнетақы активтерін басқару бөлігінде – инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды, басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды зерделеп, БЖЗҚ қызметі туралы жыл сайынғы есептерді қарайды.

- Үкімет ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекітеді.

-  Ұлттық Банк зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді нақты табыстылық алу мақсатында БЖЗҚ-ның инвестициялық декларациясын әзірлеп, бекітеді. Зейнетақы активтерін басқарады.

          Бұл ретте Әлеуметтік кодексте әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру саласында мемлекет, жұмыс берушілер мен азаматтардың ынтымақтастығы мен ортақ жауапкершілігі қағидаты көзделген. Бұл – халықаралық тәжірибеде де кеңінен қолданылатын тәсіл.

 

Салымшылардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы

Әлеуметтік кодекстің 40-бабына сәйкес, салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарын ИПБ-лардың басқаруына беру және/немесе оларды Ұлттық Банктің басқаруында қалдыру жөнінде шешімді дербес қабылдау құқығы берілген.

2026 жылғы қыркүйекте салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейтін заңнамалық өзгерістер де күшіне енеді. Қазіргі уақытта салымшылар міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін ИПБ-лардың басқаруына бере алса,  күзден бастап олар ерікті зейнетақы жинақтарын ғана емес, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарын да ИПБ-лардың басқаруына толық көлемде беру мүмкіндігіне ие болады. 

Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ әртүрлі инвестициялық портфельдерді, яғни ИПБ ұсынатын зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегияларды өз бетінше таңдай алады. Бұл портфельдер тәуекел деңгейі, күтілетін табыстылығы және инвестициялау мерзімі бойынша бір-бірінен ерекшеленеді.

ИПБ-лардың инвестициялық басқару тиімділігін бағалау үшін MSCI және Bloomberg сияқты әлемнің жетекші қаржы компаниялары қадағалайтын композиттік индекстер (бенчмарк), сондай-ақ «Қазақстан қор биржасы» АҚ индекстері қолданылады. ИПБ-лар инвестициялық табыстылықтың белгіленген деңгейіне кепілдік береді. Егер табыстылық нарықтық бенчмарктен төмен болып қалса, ИПБ айырманы өзінің меншікті капиталы есебінен өтеуге міндетті.

Осылайша, салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтары бойынша әртүрлі инвестициялық активтерді басқарушыларды және әртүрлі инвестициялық стратегияларды (портфельдерді) өз бетінше таңдау құқығына ие. Зейнетақы активтерін басқарудың нарықтық тәсілдері жағдайында инфляция деңгейіндегі мемлекеттік кепілдіктің бұрынғы құқықтық және экономикалық мәні жойылады.

 

Зейнетақы активтерін басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету

Зейнетақы нарығындағы бірыңғай инфрақұрылымдық институт – БЖЗҚ, оның акцияларының 100%-ы Үкіметке тиесілі. Салымшылардың өз жинақтарын ИПБ-лардың басқаруына беру құқығын іске асыруына байланысты БЖЗҚ-ның институционалдық міндеті де арта түсті. БЖЗҚ – активтерді кім басқаратынына қарамастан (салымшының таңдауы бойынша ҚРҰБ және/немесе ИПБ) барлық салымшылар үшін бірыңғай есептік және ақпараттық орталық, сондай-ақ олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы болып табылады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару бойынша қолжетімді қызметтер мен сервистер ұсына отырып, азаматтардың жинақтары туралы ақпаратты үзінді көшірмелерде тәулік бойы, аптасына 7 күн («24/7») режимінде толық көрсетеді. Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін зейнетақы активтерін басқарудың заманауи цифрлық ресурсы ретінде invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы іске қосылды. Бұл платформа барлық басқарушылардың (Ұлттық Банк пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін салыстыруға мүмкіндік береді. Invest.enpf.kz платформасы табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ белгіленген кезең аралығындағы деректерді динамикада қарап, активтерді басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдерінің нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік береді.

 

Жалпы алғанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесі және қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі мемлекеттік реттеу, бақылау мен жауапкершілік аясында қала береді. Бұл ретте халықаралық тәжірибеге сәйкес зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда басқа да қатысушылардың – қызметкер мен жұмыс берушінің де маңызы арта түседі.

 

Анықтама. Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі 28 жылдық қызметі барысында өзінің тұрақтылығы мен орнықтылығын көрсетті. Қазір зейнетақы активтерінің көлемі – шамамен 28 трлн теңге. БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің көлемі тұрақты түрде өсіп келеді: егер 2024 жылы оның көлемі 1 трлн теңгеден асса, 2025 жылы 1,5 трлн теңгеге жетті, ал 2026 жылдың 5 айында зейнетақы төлемдері шамамен 917 млрд теңге болды.

Жинақтардың жалпы көлеміндегі инвестициялық кірістің үлесі 40%-дан асады. Ұзақ мерзімді кезеңде инвестициялық табыстылық жинақталған инфляция деңгейінен едәуір жоғары. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бастап 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша инвестициялық табыстылықтың жиынтық өсімі 1 095,39%-ды, ал осы кезеңдегі инфляция деңгейі 986,70%-ды көрсетті.

 

 

 

 

29 июня 2026
Ақпарат

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында

БЖЗҚ-ның Ашық есік күні қалай өтті

 

2026 жылғы 26 маусымда ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында «БЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастыруымен кезекті Ашық есік күні өтті.

«БЖЗҚ» АҚ цифрлық форматта қызметтердің кең шоғырын ұсынады және салымшылар мен алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, қызметтерді үнемі жетілдіріп отырады. Онлайн-сервистер азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтары туралы қажетті ақпаратты жедел алуға және қаржылық болашағын жоспарлау кезінде неғұрлым саналы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сайт және мобильді қосымша арқылы қызметтердің тәулік бойы қолжетімділігі Қормен өзара іс-қимылды барынша ыңғайлы етеді және азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Қордың негізгі цифрлық құралдарының қатарында:

  • Қордың электрондық қызметтеріне толық қолжетімділікті қамтамасыз ететін БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы жеке кабинет және БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасы;
  • «Зейнетақы калькуляторы» және «Жеке зейнетақы жоспары», бұл құралдардың көмегімен сіз болашақ зейнетақыңызды алдын ала есептеп, оны ұлғайту жоспарын құра аласыз;
  • Құжаттарды алдын ала тексеруді, электрондық поштаға үзінді көшірмелерді алуды, Қор кеңселеріне бару уақытын брондауды және т. б. қоса алғанда, сайтта қызметтерді ресімдеу бойынша онлайн-сервистер.

 

Кездесуге қатысушыларға БЖЗҚ-ның цифрлық сервистері, оның ішінде ресми сайт, мобильді қосымша, Telegram-бот және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған Қордың ақпараттық ресурстары туралы, сондай-ақ Байланыс орталығы, сайт, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа да байланыс арналары арқылы кері байланыс жасау мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. 

Бүгінгі күні БЖЗҚ-ның цифрлық экожүйесі салымшылармен және алушылармен өзара іс-қимыл жасаудың негізгі арнасы болып табылады. Сайттағы және мобильді қосымшадағы жеке кабинет арқылы пайдаланушылар жеке зейнетақы шоттарынан үзінді көшірмелер ала алады, деректемелерге өзгерістер енгізе алады, шоттардың болуы туралы анықтамалар ала алады, зейнетақы төлемдерінің жекелеген түрлеріне өтініш бере алады, өтініштердің мәртебесін қадағалай алады, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына аудара алады, сондай-ақ «Зейнетақы калькуляторы» және «Жеке зейнетақы жоспары» сервистерін пайдалана алады.

Электрондық қызметтерге сұраныстың артып келе жатқаны атап өтілді. 2026 жылдың 4 айында БЖЗҚ көрсеткен 21,5 млн қызметтің 21,1 млн қызметі электрондық және автоматты форматта ұсынылды. Осылайша қашықтан қызмет көрсету үлесі олардың жалпы санының 98,8%-н құрады.

Іс-шараның жеке блогы ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналды. БЖЗҚ мамандары азаматтар кездестіріп жүрген алдаудың неғұрлым кең таралған схемалары туралы, соның ішінде алаяқтардың өздерін мемлекеттік ұйымдардың, медициналық мекемелердің немесе Қордың қызметкерлеріміз деп таныстыратын және әр түрлі сылтаулармен растаудың SMS-кодтарын алуға және дербес деректерге қол жеткізуге тырысатын жағдайлары туралы айтып берді.

Қатысушыларға БЖЗҚ-ның тегін және делдалсыз қызмет көрсететінін еске салды. Қор қызметкерлері телефон, электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы SMS-кодтарды, парольдерді, банк карталарының деректемелерін және өзге де конфиденциалды мәліметтерді сұратпайды.

Кездесу барысында дербес деректерді қорғау және қаржылық қауіпсіздік бойынша практикалық ұсынымдар берілді. Мамандар азаматтарды растау кодтары мен дербес ақпаратты бөгде адамдарға бермеуге, мәліметтерді тек ресми байланыс арналары арқылы тексеруге және алаяқтыққа күдік туындаған кезде құқық қорғау органдарына дереу жүгінуге шақырды.

Іс-шара соңында қатысушылар БЖЗҚ-ның зейнетақымен қамсыздандыру және цифрлық сервистерін пайдалану мәселелері бойынша қызықтырған сұрақтарына жауаптар мен жеке кеңес алды.

 

БЖЗҚ 2013 жылдың 22 тамызында «ГНПФ «ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционері болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында)

25 июня 2026
Ақпарат

Баспасөз хабарламасы

 

2026 жылдың 26 маусымында 11:00, 12:00, 15:00, 16:00 «БЖЗҚ» АҚ онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Іс-шараның тақырыбы: «БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау».

 Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы айтып беретін болады.

Негізгі күн тәртібінен басқа қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы барлық сұрақтар бойынша білікті кеңес ала алады.  

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.

Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуді сұраймыз https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mb25af9f74b19b9e69eed3c275f52e1bf.

Еvent-кеңестің нөмірі: 2511 356 7852

Еvent-кеңестің паролі: 123456

 

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!

 

 

 

 

 

25 июня 2026
Ақпарат

Хабарландыру

 

БЖЗҚ Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында «Ашық есік күніне» шақырады

 

2026 жылғы 26 маусымда БЖЗҚ ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында «Ашық есік күнін» онлайн форматта өткізеді.

Іс-шараның мақсаты - салымшылар мен алушыларды БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстыру, сондай-ақ Қор қызметтерін қауіпсіз түрде алу және алаяқтар мен жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау туралы ақпараттандыруды арттыру.

Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері туралы айтып беретін болады.

Іс-шараның жеке блогы ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналады. БЖЗҚ мамандары азаматтар кездестіріп жүрген алдаудың кең таралған схемалары туралы айтып береді, сондай-ақ дербес деректерді қорғау бойынша практикалық ұсынымдар береді.

 

Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға келушілерге жеке кеңес береді.        

 

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 2026 жылғы 26 маусымда сағат 11:00, 12:00, 15:00, 16:00 онлайн форматта өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mb25af9f74b19b9e69eed3c275f52e1bf. Содан кейін event-кеңес нөмірін енгізу 2511 356 7852 және event-кеңес паролін енгізу 123456 қажет.

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді! 

25 июня 2026
Aқпарат

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

БЖЗҚ-ның Ашық есік күні: цифрлық сервистер, қаржылық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау

 

2026 жылғы 26 маусымда «БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында кезекті Ашық есік күніне қатысуға шақырады.

Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы айтып беретін болады.

 

Кездесуде Сіз:

  • БЖЗҚ-ның қандай цифрлық сервистері салымшыларға/алушыларға қолжетімді екенін және оларды қалай пайдалану керектігін;
  • жеке кабинетте және мобильді қосымшада зейнетақы қызметтерін қалай алуды, зейнетақы жинақтарының жай-күйін бақылауды, берілген өтініштердің мәртебесін қадағалауды және т. б.;
  • болашақ зейнетақы төлемдерін бағалауға және зейнетақымен қамсыздандыруды жоспарлауға көмектесетін «Зейнетақы калькуляторы» және «Дербес зейнетақы жоспары» сервистері қалай жұмыс істейтінін;
  • БЖЗҚ-ның ресми сайты, Telegram-бот және Қормен өзара іс-қимыл жасаудың басқа да цифрлық арналары қандай мүмкіндіктер беретінін;
  • алаяқтар ең көп таралған алаяқтық схемаларының қандай түрлерін қолданатынын және алдау әрекеттерін қалай тануға болатынын;
  • дербес деректеріңізді, зейнетақы жинақтарыңызды және банктік ақпаратыңызды алаяқтар мен жалған делдалдардан қалай қорғауға болатынын біле аласыз.

 

Бұдан басқа, БЖЗҚ мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша жеке кеңес береді.

Барлық ниет білдірушілерді Ашық есік күніне қатысуға, БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтері туралы өзекті және шынайы ақпарат алуға, сондай-ақ дербес деректеріңіз бен зейнетақы жинақтарыңызды алаяқтардан қалай қорғау керектігін білуге шақырамыз.

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді! 

 

БЖЗҚ 2013 жылдың 22 тамызында «ГНПФ «ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционері болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында)

10 июня 2026
Ақпарат

Абайлаңыз, алаяқтар! БЖЗҚ салымшыларды алдаудың жаңа тәсілдері туралы ескертеді

Соңғы уақытта БЖЗҚ бөлімшелеріне міндетті зейнетақы жарналары аударылмағаны туралы хабар алған азаматтар жиі жүгінетін болды. Алаяқтар өздерін Қор қызметкері ретінде таныстырып, бірнеше жыл еңбек өтілі зейнетақы есептеу кезінде ескерілмей қалғанын айтып, соның негізінде зейнетақыны қайта есептеп, мөлшерін арттыруға болатынын айтатын көрінеді.

Алаяқтар қалай әрекет етеді?

Алаяқтар сенімге кіру мақсатында Қордың нақты жұмыс істейтін бөлімшелерінің мекенжайын айтып, азаматтарды сол жерге келуге шақырады. Филиалға жүгінушілердің айтуынша, қызметті «жылдам әрі ыңғайлы алу үшін» алдын ала электрондық кезекке қоямыз деп, SMS арқылы келген растау кодын айтуды сұрайды. Өкінішке қарай, мұндай кодтарды алаяқтарға хабарлап қойған азаматтар да бар.

Маңызды ескерту!

БЖЗҚ қызметкерлері қоңырау соқпайды, телефон арқылы, электрондық пошта немесе мессенджерлерде SMS-кодтарды, құпиясөздерді, банк карталарының деректемелерін және өзге де құпия ақпаратты ешқашан сұрамайды. БЖЗҚ барлық қызметтерді тегін көрсетеді. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң тәртіппен жүзеге асырылады.

Қоңырау шалушы сіздің аты-жөніңізді, ЖСН-іңізді, мекенжайыңызды немесе жұмыс орныңызды білгенімен, бұл оның ресми қызметкер екенін білдірмейді. Мұндай мәліметтер алаяқтардың қолына ашық дереккөздерден түсуі мүмкін.

Өзіңізді қалай қорғауға болады?

∙ SMS арқылы келген кодтарды және жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіз.

∙ Әңгіме SMS-код туралы басталған сәтте күмәнді қоңырауды бірден тоқтатыңыз.

∙ Ақпараттың дұрыстығын тек ресми арналар арқылы тексеріңіз (байланыс орталығы, ресми сайт немесе мобильді қосымша)

∙ Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

 

Қырағы болып, жақындарыңызды, әсіресе егде жастағы туыстарыңызды алаяқтардың әрекетінен қорғаңыз!

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы