GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Все материалы
26 мая 2025
Шұбаркөл кенті әкімі К.С. Джазалиев 2024 жылғы атқарылған жұмыстары 2025 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебі

Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Абай атындағы Шұбаркөл ЖББ мектеп ғимаратында Нұра ауданының әкімі Мұқанов Бақытжан Мылтықбайұлы Шұбаркөл кенті тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды. Шұбаркөл кентінің әкімі К.С. Джазалиев 2024 жылғы атқарылған жұмыстары және 2025 жылы атқарылатын жұмыстары туралы халық алдында есеп берді. Кездесуде кентіміздің өзекті мәселелері қарастырылып, халық өз пікірлерін білдірді. 

30 апреля 2025
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы "Жасыл белдеу" апталығы

Қалалар мен аудандардың сыртқы келбетін жақсарту және халықтың тұруының жайлылығын қамтамасыз ету үшін "Таза Қазақстан" Республикалық экологиялық акциясында ағымдағы жылдың 25-ші сәуір күні Шұбаркөл кентінде "Шұбаркөл Көмір" АҚ демеушілік көмек көрсетіп, 30 дана қарағай ағаштарының көшеттерін, 20 қараған ағаштарын алып келді. Әкім аппаратының алаңына 2 дана қарағай, Абай атындағы Шұбаркөл ЖББ мектебіне 11 қарағай 8 қараған, мешітке 3 дана қарағай, Жан жүрегім Шұбаркөл алаңына 12 дана қарағай 3 қараған, 7 қараған ағаштары халыққа, полиция бөліміне 2 дана қарағай, 2 қараған ағаштарының көшеттері бөлінді. 26 сәуірден бастап қарағай, қараған ағаштарын отырғызу жұмыстары басталды. "Шұбаркөл Көмір" АҚ - на алғысымыз шексіз! Еңбектеріңіз жана берсін,жұмыстарыңызға тек сәттілік тілейміз!!! 

31 марта 2025
"Таза Қазақстан" жобасы аясында "Тазалық эстафетасы"

19-наурыз "Жаңару күніне" орай "Таза Қазақстан" жобасы аясында "Тазалық эстафетасы" басталды. Нұра ауданы Шұбаркөл кентінде "Наурыз мейрамы" қарсаңында дала сахнасы маңы, Абай атындағы Шұбаркөл ЖББ мектебі, орталық жолдар және кент ішілік жолдар қардан тазартылды. 80 метр куб қар шығарылды. Демеушілік көмек көрсеткен "Шұбаркөл Премиум" АҚ - на кент тұрғындары өз алғыстарын білдіреді.

27 марта 2025
Наурыз 2025

Нұра ауданы Шұбаркөл кентінде Наурыз мейрамы 2 күнге жоспарланып тойланды. 21.03.2025 ж. ашылу салтанаты (концеттік бағдарлама), ат жарыс, қой көтеру, көкпар ұлттық ойындары өткізілді. 22.03.2025ж. көшелерге тапсырма берілді, сол тапсырма бойынша көрініс қойылды, дастархан жайылып, наурыз көже таратылды. Шоқпарласу, жілік сындыру, қол тірес (ерлер және әйелдер арасында), арқан тарту, гір тасын көтеру, күрес ұлттық және спорттық ойындар ұйымдастырылды. Кеш соңында ұйымдастырылған шара бойынша жеңіске жеткен кент тұрғындарын, спортшыларды марапаттау рәсімі өткізілді. Шұбаркөл кентінде "Наурыз-2025" мейрамы жоғарғы деңгейде өткізілді, кент тұрғындары ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіреді.

07 февраля 2025
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы

Нұра ауданы Шұбаркөл кентінде 06.02.2025 жылы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы барысынды "Шұбаркөл Премиум" АҚ демеушілік көмек көрсетуімен таза бейсенбілік өтті, кент ішілік жолдары тазаланды 107 метр куб қар шығарылды.

26 декабря 2024
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні

Нұра ауданы Абай атындағы Шұбаркөл ЖББ мектебінің 6-сынып оқушылары барша Қазақстандықты 16 желтоқсан тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды.

04 декабря 2024
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы

Нұра ауданы Шұбаркөл кентінде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы барысында кентіміздің көшелеріне "Көшеде қолдануға арналған LED жарықдиодты гирляндалар" орнатылды.

04 декабря 2024
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы

Нұра ауданы Шұбаркөл кентінде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы барысында кентіміздің көшелеріне 3,5 км жарық шамдары үшін электр сымдары тартылып 63 жарық шамдары орнатылды.

02 декабря 2024
"Казхром" ТҰҚ АҚ қоғамдық тыңдау.

02.12.20245 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданы Шұбаркөл кенті әкімінің аппаратында "Казхром" ТҰҚ АҚ филиалы "Казмарганец" КБ,ТМҚ қайта өңдеу учаскесіне әсер етуге экологиялық рұқсат алуға өтінім бойынша материалдарына ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізді.

25 ноября 2024
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы

Нұра ауданы Шұбаркөл кентінде Таза Қазақстан экологиялық акциясы барысында 9 қоршауы бар қоқыс тастайтын орын оның ішіне 4 контейнердан барлығы 36 контейнер орнатылды. Контейнерлерді орнатуға құрылыс жұмыстары жүргізілді. 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы