"Нұра ауданы Шұбаркөл кенті әкімі аппараты" ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қызметі туралы

2025 жылға арналған есепке аналитикалық анықтама
мемлекеттік қызмет көрсету туралы

«Шұбаркөл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес көрсетіледі.

2025 жылы e-лицензиялау порталы арқылы барлығы 12 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

* «Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды беру, сауда-саттықты (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін жағдайларда» – 10
(жеке тұлғалар – 3, заңды тұлғалар – 7)
* «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» – 0

Мемлекеттік қызметтер баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілген жоқ.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны – 2.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 2025 жылы тұрғындарға 64 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Дата публикации
27 апреля 2026