Құрметті Бақытжан Мылтықбайұлы, құрметті ауылдастар!
1 слайд Сіздердің назарларыңызға 2024 жылы және 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы есебімді ұсынамын.
Біз ауылымызда халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ұмтыламыз. Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтап, инфрақұрылымды дамыту бағытында жұмыс жүргізіп келеміз.
2 слайд Ауыл әкімі апта сайын бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдайды. Мемлекеттік қызметтер қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген регламенттер бойынша көрсетіледі. Әкімдік ғимаратында тұрғындар өздері немесе мамандардың көмегімен мемлекеттік қызметтерді ала алатын «Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді.
3 слайд Ауылдың барлық тұрғындарына аулаларды және іргелес аумақтарды абаттандыру бойынша арнайы жадынамалар таратылып, жұмыстардың өткізілу мерзімі көрсетілді. Ауыл әкімі аппаратының мамандары учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, өрт қауіпсіздігі, деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұмыстар үй-үйді аралау арқылы, жадынамалар тарату және ақпарат беру түрінде өтеді. Сонымен қатар, ауылдың әлеуметтік желі парақшаларында да ақпараттар кеңінен жарияланады. Учаскелік инспектор қоғамдық тәртіпті бұзушыларды, ауылды абаттандыру ережелерін бұзушыларды, қаңғыбас мал мен иттерге қатысты мәселелерді анықтау және шешу жұмыстарын жүргізуде.
4 слайд Ауылдағы спорттық, мәдени және әлеуметтік нысандар толық көлемде жұмыс істеуде. Тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге және қабілеттерін дамытуға жағдай жасалған. Мерекелік концерттер ұйымдастырылып, би, ән және шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді. Спорт нысандарында ауылдық және аудандық деңгейдегі жарыстар өткізіліп, салауатты өмір салты насихатталуда.
5 слайд Ауылдағы ветеринариялық-санитарлық жағдай тұрақты. Ветеринарлық-алдын алу шаралары ветеринар маман тарапынан жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Жеке меншік ауылшаруашылық малдарын жаю 20 сәуірден басталды, бұл ауылшаруашылық қызметтің дамуына оң әсер етеді.
6 слайд 2024 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Ауыл аумағында абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Қыс мезгілінде көшелер мен ұйым аумақтарынан қар тазартылып, шығарылды. Көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында ауыл мен аулалардан қар шығарылып, еріген сулардың еркін өтуі үшін траншеялар қазылып, су өткізу құбырлары тазартылды. Қыс мезгілінен кейін бордюрлер мен ағаштар әктеліп, шұңқырлар жасалды.
7 слайд 2024 жылы «Шахтерское» ЖШС қаражаты есебінен саябақта, мәдениет үйінің аумағында және демалыс аллеясында көгалдар мен жасыл желектерге автоматты суару жүйесі орнатылды. 100 дана көше жарығы тіреуіштері жөнделді. Сонымен қатар, биыл «Шахтерское» ЖШС-нің демеушілік көмегімен 160 тал көшеттері сатып алынып, отырғызылды. Жеке кәсіпкерлердің күшімен ауыл тұрғындарының аулаларынан және іргелес аумақтарынан қоқыс пен көң шығарылды.
8 слайд Бүгінгі күні біз үшін ең өзекті мәселелер мыналар болып отыр:
9 слайд 2025 жылға арналған жоспарлар:
✓Ауылдың санитарлық тазалығын, абаттандырылуын және көгалдандырылуын қамтамасыз ету;
✓ Шахтерское ауылы көшелерін жарықтандыру жұмысын жалғастыру;
✓ Қатты тұрмыстық қалдықтарды полигонда өңдеу барысында санитарлық және экологиялық қауіпсіздік шараларын сақтау.
✓ Жастар көшесінің тұйығын қиыршық таспен төсеу және тегістеу жұмыстары